- Advertisement -

Мүмкіндігі шектеулі жандар өз армандарының орындалуына мүдделі

54

- Advertisement -

Бүгінде «Nur Otan» партиясының қызметін жаңғырту жұмыстарының аясында бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалар қарқынды жүргізілуде. Солардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруға арналған іс-шаралар да бар.
Жуырда партияның аудандық филиалының мұрындық болуымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Мейірім шуағы» атты іс-шара ұйымдастырылып, онда мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті аппараттар мен құрылғылар берілді. «Мұндай іс-шаралардың ұйымдастырылуына әрбіріміз мүдделі болуымыз керек», дейді қаржылай қолдау көрсеткен «Nur Otan» партиясының облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі Ғалымжан Сағынтаев.
– Бүгінде Елбасымыздың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Атап айтқанда, «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сапалы білім алуына, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуына және елімізде кедергісіз орта қалыптастыруға басымдық беріліп отыр. Оларды жұмыспен қамту мәселесі де назардан тыс қалмаған. Қазіргі таңда осы бағыттар бойынша көптеген тың идеялар жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстар тек орталық деңгейде емес, ауыл-аймақтарда да сәтті жүргізілуде. Біздің бүгінгі іс-шарамыз – соның жарқын көрінісі, – деді Ғалымжан Таймасұлы.
Қайырымдылық шарасы аясында ауданның Бесжылдық, Аса, Айша бибі ауылдарындағы бірқатар мүмкіндігі шектеулі балаларға тірек-қимыл аппараттары, ортопедиялық велосипедтер табысталды. Балғындардың ата-аналары шараны ұйымдастырған «Nur Otan» партиясына алғыстарын айтып, балаларға қуаныш сыйлағаны үшін жылы лебіздерін білдірді. Игі шара одан әрі жалғаса бермек.

Нұржан ТУҒАНБАЙ,
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының
баспасөз хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support