АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛСА…

Тараз қаласы күн өткен сайын көркейіп, көрікті орындар мен демалыс аймақтары көбейіп келеді. Көрер көзді қуантарлық түрлі орындар әрқайсымыздың мақтанышымызға айналды. Әсіресе шаһарымызға келген қонақтарды аралатып, қыдыртатын жерлердің көбейгені қуантады. Батырлар мен ақындарға арналған түрлі ескерткіштер мен белгілер де көп. Осы орайда қаламызда аналарға арналған әдемі ескерткіш бой көтерсе деген ой келеді.
Өйткені батырлар, ақындар, ғалымдар мен небір атақты спортшылар анадан туды емес пе?! Тарихта өшпес аттары қалған талай батыр да еңбекқор қыз-келіншектеріміз қаншама!
Жасарып, жаңарып келе жатқан Тараз қаласына соларға арнап ескерткіш-монумент орнатса, жастарымыз, жеткіншек қыз балалар өздеріне үлгі болар аналарға еліктеп өсер еді.

Барат Мыңбосынов,
зейнеткер.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/