- Advertisement -

АМАНЖОЛ АҚСАҚАЛ БАС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

58

- Advertisement -

Балпық бидің 325 жылдығы «Бабалар ерлігі – тәуелсіздік тірегі» деген тақырыппен Алматы облысының Көксу ауданында атап өтілді. Іс-шара аясында ақындар мүшәйрасы, ғылыми-тәжірибелік конференция, «Бабалар сөзі – дананың көзі» атты республикалық батагөй қа-риялар байқауы ұйымдастырылды.
Аталған байқауға облыстық кезеңнің жеңімпазы, жуалылық Аманжол Дүрәліұлы ақсақал қатысып қайтты. «Қазақтың қанатты сөздері» бөлімінде батыр Бауыржан Момышұлының патриоттық сөздерін жатқа айтуымен ерекшеленген Аманжол Дүрәліұлы «Бата беру» кезеңінде де 6 минут мүдірместен көпшіліктің ризашылығына бөленді. Сұрақ-жауап бөлімінен де сүрінбей өткен.
Байқаудың қазылар алқасының төрағасы, белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы жерлесіміздің барлық кезеңге тыңғылықты дайындықпен келгеніне ризашылығын білдірді. Сөйтіп Аманжол Дүрәліұлы республи-калық батагөйлер байқауының бас жүлдесін еншілеп, 600 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.
Батагөйлер байқауында ешкімге дес бермеген Аманжол Дүрәліұлы ақсақал қоғамдық істерге белсенділікпен араласады. «Ақментей» қоғамдық бірлестігінің (Ақментей – Бауыржан Момышұлының жетінші атасы екен, қоғамдық бірлестікке осы атауды Халық жазушысы Шерхан Мұртаза ұсынған көрінеді) төрағасы ретінде де атқарып жүрген істері үлкен. Ауданға, облысқа сыйлы қария. Алдағы уақытта жас ұрпақ тәрбиелеу жолында үлгі-өнеге көрсете береді деген сенімдеміз.

Жуалы ауданы.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support