Ғалым әйелдер көбейе түсті
Елімізде ғылымға, инновацияға және экономикалық дамуға үлесін қосып жүрген бұрымдылардың қатары артып келеді. Бір сөзбен айтқанда, зерттеу жұмыстарымен айналысып жатқан әйел ғалымдар көбеюде. Деректерге сүйенсек, соңғы 5 жылда зерттеуші әйелдердің үлесі 51,6-дан 52,8 пайызға дейін артқан. Былтыр ғылымға ден қойғандар саны 9217 адамды құрады.
2015-2017 жылдары жүзеге асырылған 1770 ғылыми жоба жетекшілерінің 566-сы, яғни 32 пайызы әйелдер. 2018-2020 жылдардағы зерттелген 1084 ғылыми жобадағы нәзікжандылардың үлесі – 418. Пайызға шаққандағы көрсеткіші – 38.
Comments are closed.