- Advertisement -

Кәсіппен айналысам дегенге көмек те, қолдау да мол

63

- Advertisement -

Облыс әкімінің жергілікті атқарушы органдардың жұмыс алгоритмдерін бекіту туралы өкіміне сәйкес аудан әкімі Қанатбек Мәдібек Игілік ауылдық округінің клуб үйінде ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша тұрғындармен, шаруа қожалықтары басшыларымен және жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді.
Жиында ауыл тұрғындарының малдан, егістен алынатын өнімдерін облыс орталығына алып бармай-ақ, жергілікті жерде өткеруінің тиімді жолдары қарастырылып, талқыланды. Жаңатас қаласында тұратын жеке кәсіпкер сүт қабылдайтын цех ашу үшін құрылыс жұмыстарына кіріскені, Игілік, Арыстанды ауылдарынан жиналған сүтті аудан орталығында орналасқан сүт қабылдау орнына өткізудің тиімділігі атап өтілді. Аудан басшысы осы ретте «Сыбаға» бағдарламасы арқылы мал басын көбейту, ет экспортын арттыру жайын еске салып, Досбол, Тоғызкент ауылдық округтерінен ет қабылдау, Ақтоғай ауылынан жеміс-жидек сақтау, ал, Түркістан ауылдық округінен шөп қабылдау цехтарын ашуды ұсынды. Жеке тұрғындар мен кәсіпкерлерге тиесілі жерін алып, кәсіптерін ашуына да көмек көрсетілетін болды.
Игілік ауылдық округінің әкімі Айбол Бердібаев өздерінде бүгінде көктемгі егіс дала жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етсе, «Саудакент Кредиттік серіктестігі» ЖШС-ның басқарма төрағасы Шерхан Қыдырбаев «Кең дала», «Агротехника», «Сыбаға» бағдарламалары бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендірудің шарттары жөнінде қысқаша таныстырып өтті.
Ал аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Ерболат Ұзақбеков ауданда жыл бойы 3 рет аукцион өткізілгендігін, Игілік ауылдық округінен бірде-бір жер кәсіпкерлік мақсатта ұсынылмағандығын айтып, алдағы уақытта жерге ұсыныстар берілсе деген ойын жеткізді. Ал облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Шыңғыс Әбдірахманов белгілі бір кәсіпті игерсем деген ниеті бар азаматтарға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» да септігін тигізіп жатқандығын, осы құжат аясында халыққа көрсетілетін қызмет түрлері уақыт өткен сайын көбейіп, әр азаматтың өз жеке кәсіпкерлігі ісін дамытуға жағдай жасалғандығын түсіндірді.

Басқосу барысында ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оған аудан әкімдігінің бөлім басшылары нақты жауаптар қайтарды.
Камели СҮЛЕЙМЕНОВА,
журналист.

Сарысу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support