- Advertisement -

Өркениетті елдің өрісті қадамы

18

- Advertisement -

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатқалы ел ішінде «Сайлау қашан болады екен?» деген әңгіме гулеп кеткені жасырын емес. Бұл әңгімеге ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев нүкте қойып, 9 маусым күні Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді.
Бұл – өркениетті елдің өрісті қадамы. Тәуелсіз Қазақстанның дамуы, гүлденуі үшін елімізге халық сайлаған Президенттің қажеттігі рас. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде «Сайлаудың әділ өтуіне кепілдік беремін» деген бір ауыз сөзімен көптеген болжамшылардың аузына құм құйды деп айтуға толық негіз бар.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл Үндеуіне қатысты аудандық мемлекеттік архивтің қызметкерлері үн қатты. Ұжым қызметкерлері осынау саяси қадамның дер кезінде қолға алынып отырғанын тілге тиек етіп, баянды бастаманың халық игілігіне берері мол екенін айрықша атап өтті.
Иә, ел Президентінің кезектен тыс сайлауы – мемлекет үшін маңызды саяси қадам. Әділ сайлау арқылы демократиялық жолды таңдаған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы одан әрі жалғаса береді. Күллі Қазақстан халқы секілді біздің ұжым да бұл бастаманы батыл қолдап, жаңа кезеңге бетбұрысты жылы қабылдап отыр.

Аудандық мемлекеттік архивтің ұжымы.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support