- Advertisement -

Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі туралы

43

- Advertisement -

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай, мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі болып табылады.

«Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы №983 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 12.10.2017 жылғы №637 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» қызметі енгізілді.
Аталған мемлекеттік қызмет заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімде, сонымен қатар ҚР ҰБ Басқармасымен бекітілген Стандарттар мен Регламенттерге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) аумақтық филиалдарымен заңды тұлғаларға (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық филиалдарына құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Ұсынылатын қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 15 (он бес) минутты құрайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық филиалдары қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық филиалы қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының коллекторлық агенттіктердің тізілімінде есептік тіркеуден өткені туралы тіркеу нөмірі көрсетілген хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
Бұл мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарымен ақысыз негізде, қағаз түрінде, кезек күтпей, алдын ала жазылмай және жеделдетілген қызмет көрсетпей ұсынылады.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – Астана уақытымен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, Астана уақытымен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.
Көрсетілетін қызметті алушылар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық филиалына өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) ішкі бақылау қызметі туралы ереже (болған кезде);
3) өтініш берілген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылтайшы (қатысушы) заңды тұлға туралы мәліметтер.
4) құрылтайшы (қатысушы) жеке тұлға туралы мәліметтер өтініш берілген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады;
5) өтініш берілген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері туралы мәліметтер;
6) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесі және кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келу туралы құжаттың көшірмесін;
7) өтініш берілген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасатын жұмыскерлер туралы мәліметтерді;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер.
Жоғарыда көрсетілген бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген түйіннің үстіне жапсырылған, тігілген парақ саны көрсетілген жапсырмаға ішінара көрсетілетін қызметті алушының мөрімен (болған кезде) расталып ұсынылады.
Құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының лауазымды тұлғаларының қолдарымен және өтініш беруші мөрінің (болған кезде) бедері қойыла отырып куәландырылады.
Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы есептік тіркеуден бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды қайтадан ұсынады не өзінің атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Тараз қ., Қазыбек би көшесі, 137 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалынан немесе 8-7262-999-350 байланыс телефоны арқылы алуына болады.

Динара Дауылбаева.
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл
филиалының бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support