- Advertisement -

«Қызылқұмнан» ұтылды, «Армавирмен» тең түсті

36

- Advertisement -

Футболдан Қазақстан премьер-лигасына дайындықты пысықтап, Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Тараз» футбол клубы бірнеше жолдастық кездесуде бақ сынады.
Алдымен Өзбекстанның Зарафшан қаласының командасы «Қызылқұм» футбол клубына қарсы жасыл алаңға шыққан «Тараз» футбол клубының ойыншылары қарсыластарына 0:1 есебімен жол берді. Жалпы ойын барысында жамбылдықтар жақсы шабуылдар ұйымдастырып, жылдамдыққа сенім артқаны байқалды. Дегенмен футболшыларымыз кей сәттерде әдемі мүмкіндіктерді пайдалана алмады. «Тараздың» бапкерлік құрамы кездесуде эксперименттер жасап, футболшылардың физикалық әлеуеті мен жеке шеберлігін байқап көруге күш салғаны аңғарылды. Жаңа маусымға қаншалықты дайын екенін бағамдау үшін мұндай қадамға бару керек-ақ.
Өзбекстандық командамен өткен ойында «Тараз» футболшыларының қорғаныстан шабуылға жылдам шыға білетін қабілеті бар екенін түйсіндік. Әйткенмен мүмкіндіктерді пайдаланып, нәтижеге айналдыру үшін әлі де біраз тер төгу керек секілді. Жолдастық кездесудің де мақсаты сол ғой. Кемшіліктермен жұмыс істеуге үйретеді.
Бұдан кейін «Тараз» футбол клубының жігіттері ресейлік «Армавир» командасына қарсы жасыл алаңға шықты. Бұл кездесуде қос команданың футболшылары есеп ашпастан тарқасты. Әлбетте, екі команданың ойыншылары да шабуылға иек артқан болатын. Дегенмен ойын барысында шабуылдан гөрі қорғаныстың басым түсіп жатқанын көз көрді. Осылайша «Тараз» жолдастық кездесулердің бірінде жеңіліс тапса, екіншісінде қарсыласымен 0:0 есебімен тең түсті. Наурыз айында премьер-лиганың басталатыны белгілі. Жаңа маусымда жамбылдықтар тәуір нәтиже көрсетіп, жанкүйерлер сенімінен шығады деген үміттеміз.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support