- Advertisement -

Жүгіру – жүз ауруға ем

73

- Advertisement -

Мен зейнеткермін, қалай зейнетке шықсам солай жүгірумен айналысып, саламатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесімді қосып, жастарға, көпшілік қауымға үлгі көрсетсем деп шешкенмін. Міне, екі жылдан асып қалды осы жүгірумен, оның ішінде марафонмен айналысып жүрмін. Осы игі іске немерелерімді де тартып келемін.
Осы «Aq jol» газетінің тұрақты оқырманымын десем де болады, өйткені бұл газетті өткен ғасырдың 70-жылдарының бел ортасынан үзбей жаздырып, рухани азық аламын. «Aq jol» газеті облысымыздың бет-бейнесі, өңір тіршілігінің айнасы деп санаймын. Бұл газет өзінің өткір де шыншыл мақалаларымен, пікірлерімен халық арасына кең тарап оқырмандарымен тіл табыса білетін басылым. Газеттің 2019 жылдың 12 қаңтар күнгі санында жарияланған «Жүз жасағың келсе, жаяу жүр» атты мақаланы оқи отырып «Жүгіру – жүз ауруға ем» дегенді қосқым келеді. Жастарды, егде кісілерді күнде болмаса да аптасына 2-3 рет жүгіріп тұруға шақырамын. Оның ағзаға тигізер пайдасы орасан зор. Мұны өз тәжірибемнен білемін, жүгіруді дағдыға айналдырсаңыздар сіздер де байқайтын боласыздар. «Өмір негізі – қозғалыста» дегендей, деніміз сау, балаларымыз, немерелеріміз ауырмасын десеңіздер тұрақты түрде жүгірумен айналысыңыздар. «Ештен кеш жақсы» деген. Жүгіруді дағдыға айналдырайық, ағайын! Өзім аптасына екі-үш рет 15-20 шақырым жүгіріп тұрамын. Әр жүгіруден соң өзімді тың сезініп, рахатқа кенеліп жүрген жайым бар. Жүгіруден жалықпайық!

Жақсылық МАМЫРБЕКҰЛЫ,
зейнеткер, марафоншы.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support