- Advertisement -

Журнал жеңімпаздары қатарында жерлестеріміз бар

71

- Advertisement -

Алматы қаласында Қазақ спорт және туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен «Жыл үздіктері–2018» номинациясының жеңімпаздары мен «Мәңгілік елім – Қазақстаным» патриоттық әндер фестивалінің лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. Онда жыл үздіктері қатарында Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле «Үздік спортқа жанашыр аудан әкімі – 2018», «Парасат» колледжінің директоры Бақытгүл Имандосова «Үздік спортқа жанашыр колледж – 2018» аталымдарымен марапатталды.

Екінші жыл қатарынан өтіп отырған шараның басты мақсаты көк Туымызды көкке көтеріп, әлемдік сындарда мерейімізді асырып жүрген спортшылар мен спорт жанашырларының арасынан үздіктерді таңдап, олардың ел үшін атқарып жүрген еңбектерін көтермелеу болып табылады. Өз салалары бойынша үздік шыққан спорт жанашырлары мен спортшыларды қазақ спортының қара шаңырағы саналатын Қазақ спорт және туризм академиясы мен барша қазақ спортшылары сүйіп оқитын «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының оқырмандары таңдады. Сол себепті халықтың атынан берілген марапаттың бәсі жоғары тұратыны сөзсіз.
Салтанатты шараға келген құрметті қонақтар арасында қазақтың саңлақ спортшылары  Дәулет Тұрлыханов, Ермахан Ыбрайымов, Қанат Ислам, «Бейбітшілік әлемі» халықаралық бірлестігінің президенті, генерал-майор Әбен Нұрманов, «Алаш прайд» президенті Данияр Қасқарауов, «Райымбек файтерс» клубының президенті Азат Қатаубаев және ережесіз жекпе-жектен әлем чемпиондары Арман Оспанов, Ержан Естанов, Ерғали Утжанов және басқалары болды. Сонымен қатар шараға қазақ эстрадасының жұлдызы Өктем Алтаев қатысып, әсем әннен шашу шашты.
Тағы бір жағымды жаңалық қаңтар айынан бастап «Президент және спорт» атты журнал жарық көретін болды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support