- Advertisement -

Тұлға

79

- Advertisement -

Әр халықтың тарихында есімі мәңгі
өшпестей ел жадында сақталатын
тарихи тұлғалар болады.

Нұрсұлтан Назарбаев.

Оттан сақтап, оқтан қорғар берен боп,
Не болса да пешенемнен көрем деп.
Елің үшін түстің талай додаға,
«Күн астынан орын тауып берем!» – деп.
Емен құсап ерек біткен еренім,
Көз жетпеске ой жеткізген төрелім.
Сертке ұстаған семсер сынды жарқылдап,
«Халқым үшін жаным құрбан!» – деп едің.
Ірікпестен лықсып келген сезімді,
Жасырмастан жасқа тұнған көзіңді.
(Ұмытқан жоқ, ұмытпайды бұл халық!)
«Айналайын, елім!» – деген сөзіңді.
Қызғанады-ау, кейбіреулер бағыңды,
Ардақтауға ары жетпей нар ұлды.
Сіз жасаған еркін, бейбіт қоғам бұл –
Шүберекке түйіп жүріп жаныңды.
Ел билеудің қияметін сезем мен,
Елді бастап өткелі жоқ өзеннен,
Алып өттің, ел басына күн туып,
Етікпенен су кешетін кезеңнен.
Бардың қанша нартәуекел қадамға,
Түсініксіз көрінгенмен наданға.
Судың өзі жол береді екен ғой,
Жүрегінде от лаулаған адамға.
Сыншы көп қой біткен іске сынайтын,
Ғұмыр кештің ұлтың үшін ұнайтын.
Жатыр елім күндіз-түні той тойлап,
Құрметіне құрбан шалып Құдайдың.
Шартарапқа байлығымен байқалған,
Қазағымды бақытсыз деп айта алман.
Сара жолға түсті елім тәубе деп,
Жорға сынды төрт аяғы тайпалған.
Атажұрттың керегесі керіліп,
Оғыландар атқа қонды тебініп.
Армандаған, Сіз аңсаған дәуірдің,
Көкжиегі көз ұшынан көрініп.
…Бас иесіз көрген қызық мәнсіздей,
Ел бақытты Елтұтқасы бар Сіздей.
«Ер қадірін ел біледі», – деуші еді,
Ел қадірін Ер біледі дәл Сіздей!!!

Маралтай Райымбекұлы,
ақын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support