- Advertisement -

Рух

109

- Advertisement -

«Кие» поэмасынан үзінді

Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа,мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты – толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ. Осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге де барамын.

Нұрсұлтан Назарбаев.Бас ием бұл далаға байтағым деп,
Басыңнан өткен мұңды айтамын көп.
Арманы Абылайдың орындалды-ау,
Феникс құс сияқты қайта түлеп.
Бағзыда көкке ұлыған көкбөрі едім,
Жүректі қарсы айырып шеккен шерім.
Аспанға шашу шашып жатырмысың,
Өз қолы өз аузына жеткен елім.
Ақ найза қолда ойнаған толғамалы,
Ақ сауыт, ақ берендер жолда қалды…
Мұндай күн – қарқаләзи, іргем бүтін,
Болған жоқ қазақ қазақ болғалы әлі.
Пырақтай мәресіне жетер дара,
Қазақты шың басына көтерді аға…
Ұққанға: «–Мен Абылай емеспін…» – деп,
Айтқан жоқ Елбасымыз бекер ғана.
Алысты мойындатқан іспен ірі,
Біледі дос-дұшпаның іштен мұны.
Анасы аян берген ақ мылтықтай,
Алланың Алты Алашқа түскен нұры.
Әз баба, аруақтар көкте тұрып,
Ел бастар Ер ұлынан еткен үміт.
Жоталы қызыл ала жолбарыстай,
Кешегі Қарасайдан жеткен Рух!
Ел билеу – екі дүние ғарасаты,
Алтыннан мүсін қойса жарасады.
Уыздай ұйып тұрған мынау қоғам –
Нұрсұлтан, Нұрағамның – парасаты.
Ақ найза қолда ойнаған толғамалы,
Ақ сауыт, ақ берендер жолда қалды.
Мұндай күн бұрын-соңды тауарихта,
Болған жоқ, қазақ-қазақ болғалы әлі.
…Оң ісің ниет еткен оңғарылсын,
Жан пида намысыңды қорғау үшін.
Жанары ор киіктей ойқастаған,

Азуы – алты қарыс жолбарысым!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support