Сүйген істің сүйініші көп

81

ӘБДІҚАЛИ БЕГІМБЕТОВ БАСҚАРАТЫН «КӨКЖИЕК-2030» ЖШС ӨНДІРГЕН ӨНІМІНІҢ 60 ПАЙЫЗЫН РЕСЕЙ МЕН ГЕРМАНИЯҒА ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРАДЫ

Мемлекет басшысы Нүрсүлтан Назарбаев жыл сайынгы Жолдауларында агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялыц деңгейге көтеруге, ауыл шаруашылыгында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын арттыруга ерекше көңіл бөліп келеді. «Ңазацстандыцтардың әл-ауцатының өсуі: табыс пен түрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Экспорткр багытталган индустрияландыру мәселесі экономикалык саясаттың негізгі элементі болуга тиіс» деген міндет крйды. Елбасының «100 накты кадам» — Үлт жоспарының алпысыншы кадамында үш жыл мерзімде ТМД елдері нарыгына шыгарылатын өнімдердің жартысына дейінгі экспортын камтамасыз ету көзделген болатын.

Еліміз, о н ы ң ішінде облысымызда бұл тапсырманы абыроймен жүзеге асырып, іргелі табыстарға қол жеткізіп жүрген кәсіпорындар аз емес. Солардың бірі және бірегейі — Тараздағы өнеркәсіп аумағында орналасқан, өз өңіріміз бен Түркістан облысының аумақтарындағы агроқұрылымдар мен жеке тұрғындардан сүт қабылдап, оны өңдеп алуан өнім шығаратын «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Кәсіпорында өндірілетін сүт өнімдерінің 60 пайызы Ресей және Германия мемлекеттерінің нарықтарына өткеріледі. Серіктестік жетекшісі Әбдіқали Бегімбетов келешекте бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізетініне нық сенімді. Әлбетте, бұл айтуға ғана оңай. Әбдіқали қазір кәсіпорынды құру, оны аяғынан нық тұрғызу жолында басынан өткерген қиындықтарын есіне алғысы келмейді.

Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының механикалық факультетін тәмамдаған Әбдіқали бұрынғы «Химпром» зауытына жұмысқа орналасты. Қатардағы жұмысшыдан бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымына дейін өсті. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының бас кезіндегі экономикалық қиындықтарға байланысты «Химпром» жұмысын тоқтатты. Ұзақ ойланған ол өзінің қабілетін байқау үшін жеке кәсіпорын ашуға тәуекел жасады. «Құланның қасуына мылтықтың басуы» дегендей, бір күні жұмысын тоқтатқан кәсіпорынның сүт өңдейтін жабдықты металл сынықтарына өткізіп жатқанының үстінен түсіп, сатып алды. Қаланың өнеркәсіп аумағындағы су құрылысы мекемесінен алған 4 гектар жерге өндіріс нысанын салды.

Әлбетте, өндірісті жүргізу үшін әуелі қаржы керек. Әбекеңнің несие алу үшін Таразда есігін ашпаған банк жоқ. Әйтсе де олардан қайран болмады. Бірақ оған оның жігері жасымады. «Іздеген — табады». Несиені Шымкенттегі банктен алды. Ә.Бегімбетов «Дәнегүл» ЖШС-ын құрып, тұрғындардан жинаған сүтті өңдеп, әуелі қойытылған тәтті сүт өндірді. Цехта 15 жұмыс орны ашылды. Енді ол өңдеген 3 тонна сүттен шығарған өнімін өткеру қиындығына тап болды. Алматыдағы «Рахат» кондитерлік фабрикасы алғашқы кезде «тауарың талапқа сай емес» деп бұларды маңына жуытпады. Әбекең кездескен кедергілерге тауы шағылып, бастаған ісін орта жолдан тастап кететіндердің қатарынан емес. Ресей, Белорусь мемлекеттерінде және елімізде шығатын қойытылған тәтті үттерді әкеліп, зертханада үрамына тексеру жүргізді.

Осындай іргелі ізденістердің әтижесінде сапасы жоғары, бағасы қолжетімді өнім өндіруге қол жеткізілді. «Рахат» та оны қабылдап, серіктестікпен тығыз әріптестік байланыс орнатты. Кәсіпорын жетекшісі тек қойытылған сүтпен өндірісті өркендете алмайтынын түсінді. Осы кезде Елбасы кәсіпкерлерге өз Жолдауларында экспортқа бағдарланған тауарлар шығаруды міндеттей бастады. Нарықты зерттеген ол 2007 жылы құрғақ сүт өндіруді қолға алды. Осында тағы 15 жұмыс орны ашылды. Германиядан жеткізілген жабдық сағатына 8 тонна құрғақ сүт өндіре алады. Қойытылған тәтті сүт пен құрғақ сүтке сертификат берілді. Кәсіпорын 2007 жылы атын «Көкжиек-2030» деп өзгертті. Серіктестік заманауи үлгідегі зертханамен жабдықталған.

Еліміздің нарығында Ресейден жеткізілетін құрғақ сүттің бағасы қымбат. Қазақстандықтардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін елімізге сырттан жылына 15-16 мың тонна осындай өнім әкелінеді екен. Әлбетте, жергілікті жерде жасалатын тауар бағасы төмен болады. Егер «Көкжиек-2030» қажетті шикізатпен қамтамасыз етілсе, жылына 8 мың тонна құрғақ сүт өндіре алатын әлеуетке ие. Жаңа цехта құрғақ сүтпен қатар сарымай да шығарылады. Серіктестік алғашқы кезде оларды өткере алмай тағы да әуреге түсті. Әбдіқалидың табандылығы нәтижесінде оның экологиялық жағынан таза, сапасы жоғары екені дәлелденіп, Ресей мен Германия мемлекеттеріне экспорттауға кең жол ашылды. Сапа менеджменті жүйесін енгізбеген кәсіпорын тауарын экспортқа шығара алмайды. «Көкжиек-2030» ЖШС ИСО 9001 сапа менеджменті жүйесін 2008 жылы енгізді.

«Көкжиек-2030» сияқты әлеуеті орасан зор серіктестікке көп шикізат керек. Зауыт басшылары бұл мәселені ретімен жүйелі шешіп келеді. Бүгінде ол шикізат облысымыздың Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Қордай аудандарынан және Түркістан облысының Сайрам ауданынан жеткізіледі. Жазда күнделікті — 70, қыста 20 тоннаға дейін сүт қабылданады. Мұның өзі кәсіпорынның жарты қуатында жұмыс істеуіне ғана мүмкіндік беруде. Сондықтан да шикізатпен қамтамасыз ету кәсіпорынның күн тәртібіндегі өзекті мәселесінің бірі болып қала береді.

Қазір зауытта 50 адам жұмыс істейді. Олардың орташа айлық жалақысы — 85 мың теңге. Кәсіпорын өндірген өнімінің 40 пайызын ішкі нарыққа шығарады. Бір бөлігін өз көліктерімен Астана, Алматы қалаларына және Түркістан облысына жеткізіп береді. Олар нарықтағыдан төмен бағамен өткеріледі.

— Нарықта ойып алар өз орның болу үшін өндірісті заманауи үлгідегі озық технологиямен жабдықтау қажет. Сонда ғана аз шығынмен сапасы жоғары, бағасы қолжетімді мол өнім өндіре аласың, — дейді Әбдіқали Бөстекбайұлы.

Ол — сөзіне ісі сай азамат. Біраз уақыт бұрын кәсіпорынға италиялық «FRAU IMPlAnTI» компаниясының озық үлгідегі сүт өнімдерін шығаратын еуропалық жабдықтарын әкеліп орнатты. Оның құны — 1 миллиард теңге. Зауыттың құрылысы, жабдықтарды құрастыруға және инфрақұрылым жүргізуге жалпы 2400 миллион теңге жұмсалған. Кәсіпорын толық қуатында істегенде тәулігіне 100 тонна шикізат өңдейді. Отыз түрлі қышқыл сүт өнімдерін шығарады. Қол жұмыстары толық автоматтандырылған. Барлық жұмыс үдерістері монитор арқылы бақыланады. Цех қалдықсыз технологиямен жұмыс істейді.

Қазір мұнда сүт өнімдерінің 15 түрі шығарылуда. Олардың арасында айран, қаймақ, сүзбе, сары майдың, ірімшіктің тілі дәм үйіретін бірнеше түрлері бар. Құнарландырылған сүттің алуан түрін кездестіресіз.

«Жақсыны көрмек үшін» демекші, облыс әкімі Асқар Мырзахметов осында арнайы келіп, зауыттың жұмыс үдерісімен танысты. Атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді. Кәсіпкердің игі ісіне жақында зауытты аралаған Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың көңілі толды. Сүйген ісінің сүйінішіне бөленіп жүрген Ә.Бегімбетов те мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға ағынан жарылып алғыс айтады.

— Италиялық жабдықтың іске қосылуына байланысты өнімнің өзіндік құны едәуір төмендейтін болады. Біз жаңа жылдан бастап білікті мамандардың айлық жалақысын 150 мың теңгеге өсіреміз. Тағы жаңа 10 жұмыс орны ашылады, — дейді «Көкжиек-2030» ЖШС директоры Ғалия Сатыбалдиева.

Серіктестік жоғары сапалы өнім өндіріп, салықтық және міндетті төлемдерді уақтылы төлеп келе жатқаны үшін облыстық, республикалық және шетелдік конкурстарда жүлделі орындарды иеленіп келеді. Кәсіпорын 2009 және 2010 жылдары Тараздағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің конкурсында «Алтын көшбасшылар» сыйлығымен марапатталды. 2014 жылы Ұлт Көшбасшысы — Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатына ие болды. Ауыл шаруашылығы министрлігінен, облыс және Тараз қаласы әкімдерінен берілген Құрмет грамоталары да көп. 2011 жылы Мәскеу қаласында өткізілген Халықаралық Академияның конкурсында «Азық-түлік өнімдері» аталымы бойынша «Тұрақты компания» атағын жеңіп алды.

Әбдіқали үшін Мәскеуде Белоруссия, Украина, Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында өткен байқауда бірінші орынға ие болып, кеудесіне таққан Алтын белгі қымбат. Ол — «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне — 20 жыл» медалінің иегері. Жақында Таразда өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлері мерекесінде Ә.Бегімбетов жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сүйген ісінің сүйінішіне бөленіп жүрген азаматқа алдағы уақыттарда да тек қана табыс тілейміз!

 Ақылжан МАМЫТ

Тараз қаласы.

Comments are closed.