- Advertisement -

«АЛТЫН ДОП» ГРИЗМАННҒА БҰЙЫРА МА?

75

- Advertisement -

Сонымен он жыл бойы әлем үздігі атанған португалиялық футболшы Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Мессидің дәуірі аяқталған сияқты. Аттары аңызға айналған екі үздік биыл «Алтын доп» бәсекесінен тыс қалды. Ал соңғы күндері аталмыш сыйлық әлем чемпионы, франциялық Антуан Гризманнға беріледі деген сыбыс қаптап кетті. Қаншалықты шындыққа сай келетінін кім білсін?

Италиялық белгілі спорт журналисі Танкерди Пальмери де жыл үздігі

Антуан Гризманн атанатынын алға тартып отыр. «Дереккөздер «Алтын доп» Антуан Гризманнға бұйырады дегенге саяды. Бұл мәлімет шындыққа жанасатын секілді. Әлбетте, бәрін уақыт көрсетеді ғой», — дейді ол.

Бұған дейін ФИФА жыл футболшысын анықтаған болатын. Ол тізімнің үздік үштігіне Антуан Гризман енбей қалып, марапатты хорватиялық Лука Модрич иеленген еді.

Испанияның «Атлетико» командасының намысын қорғайтын Антуан Гризманн бұл сыйлыққа әбден лайық. Бірнеше маусым бойы тамаша ойын үлгісін көрсетіп жүрген франциялық футболшы Ресейде өткен әлем чемпионатында жасындай жарқырап, ұлттық құрамасымен бірге әлем чемпионы атанған-ды.

«Алтын доп» иегерін марапаттау рәсімі үшінші желтоқсанға белгіленген. Не болса да, сол күні шын мықтының есімі жарияланбақ.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support