- Advertisement -

Жамбыл өңірі «жасыл экономикадан» алдыңғы орында

112

- Advertisement -

Елімізде 2020 жылға дейін «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі мемлекеттік тұжырымдаманы іске асыру үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде. Экономикалық және экологиялық тұрғыда тиімді жобалар – ортақ игілік. Энергиялық тиімділік саясатын іске асыру облысымызда дұрыс жолға қойылған.
Өңірімізде күннен, желден және судан энергия өндіретін 168 мегаваттық 10 станса бар. 2020 жылға дейін болашақ энергия көздерін арттыру үшін тағы 5 нысан салынып, қуаттылығы 247 мегаватқа жеткізілмек.
Солардың бірі жел электр стансасы іске қосылғаннан бастап 130 миллион киловаттан астам экологиялық таза энергия өндірген. Қазіргі уақытта қуаттылығы 54 мегаватт болатын қосымша 3 блокты стансаның құрылысы жүргізілуде.
Ал Шу ауданындағы Тасөткел су электр стансасы жылына 48 миллион киловатт электр қуатын өндіреді. Қыста Шу өзенінде су мол болса, өнім көлемі де еселене түседі. Жоба құны 1 миллиард 350 миллион теңгені құрайды.
Өңірде жаңартылмалы энергетикалық жобалар мықтап қолға алынған. Атап айтсақ, Қаратау қаласының маңында 4 және 4,5 МВт құрайтын 2 жел электр стансасын салу жоспарланып отыр.
Жаңартылған энергия көздерін құрайтын нысанның бірі – 224 гектар алқапты алып жатқан Жуалы ауданындағы күн электр стансасы. Мұнда сағатына 100 мегаватт энергия өндіріледі. Биыл «Бурное Солар» нысанының екінші кезеңінің құрылысы аяқталып, 50 МВт құрайтын «Бурное Солар-2» жобасы іске қосылды.
Республикада жаңартылған энергия көздерінен алынатын жалпы қуаты 392,8 мегаватты құрайтын 59 нысан бар. Оның 43 пайызы облысымыздың үлесінде.
«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support