- Advertisement -

«Канеломен» реваншқа дейін Головкиннің аралық жекпе-жек өткізетін қарсыласы аталды 

64

- Advertisement -

АҚШ-тың ислан тілді ірі Univision арнасы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (50-1-2, 34 КО) үшінші рет жұдырықтасу мүмкіндігін бағалады.

HBO арнасының жыл аяқталысымен боксты трансляциялауды тоқтататындықтан, Головкин еркін агент дәрежесінде жүр. Ал қазақстандықпен келісімшарт жасасуға басты үміткер DAZN стриминг қызметі — The Ring мәліметінше, тараптар жақында келесімшартқа қол қояды.

Мұның алдында DAZN Альвареспен рекордтық келісімшарт жасасты. Мексикалық бес жылда 11 жекпе-жек үшін 365 миллион доллар алады.

Univision ақпараты бойынша, DAZN қызметімен келісімшарт жасасу Головкиннің Альвареспен үшінші рет жұдырықтасу мүмкіндігін арттырады. Егер тараптар бірден жекпе-жек өткізу туралы келіспесе, қазақстандық америкалық чемпиондардың бірімен — IBF белбеуінің иегері Дэниел Джейкобс (35-2, 29 КО) немесе WBO чемпионы Деметриус Андрадедемен (26-0, 16 КО) аралық жекпе-жек өткізіп, кейін «Канеломен» жұдырықтаса алады.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support