Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

78
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталып, жауын-шашын түседі. Тек Республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады, түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұрқасын болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с деңгейінде сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді, түнде кей жерлерінде бұрқасын болады.

Жамбыл облысында таңертең және күндіз тұман болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Павлодар облыстарында, күндіз Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ болады.

 

kazinform.kz

Comments are closed.