- Advertisement -

Бурабайда заманауи спорт алаңы ашылды

146

- Advertisement -

Бурабайда заманауи спорт алаңы ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Бурабай кентінде заманауи әмбебап спорт және балалар алаңы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Сәкен Сейфуллин атындағы мектептің жанына ашылған кешеннің аумағы — 1 280 шаршы метр. Ойын алаңдары жасанды жамылғымен, балалар және жаттығу аумақтары қауіпсіз резеңке жамылғысымен (тартан) жабдықталған.

Шараға Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауылов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аудан басшысы осы құрылысқа атсалысқан «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ұжымына шынайы алғысын білдірді. Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев ауыл балаларына спорттың кез келген түрімен айналысу мүмкіндігі туып отырғанын атап өтті.

«Спорт алаңының ашылуы өңірде спорт саласының дамуына зор септігін тигізеді», — деді Ә.Бүкібаев.

Сонымен қатар, шараға «Самрұқ-Қазына» АҚ Бурабай аудандық пошта байланысы желісінің басшысы Дархан Қазкеев те қатысып, жылы лебізін білдірді.

Ал, «Оқжетпес» ФК қақпашысы Ярослав Багинский мен орталық қорғаушы, шабуылшы Никита Боженов оқушыларға шеберлік сыныбын өткізіп, қолтаңбасы қойылған допты сыйға тартты.

Айта кетейік, әмбебап спорт алаңдарының құрылысы «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарлама аясында Степногор, Есіл қалаларымен бірге Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында да осындай 3 кешен ашылды.

Бурабайда заманауи спорт алаңы ашылды

Бурабайда заманауи спорт алаңы ашылды

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support