Инвесторлар Жамбыл өңірін жатырқамауы тиіс

120

Жалпы, инвесторлардың қай-қайсысы да негізінен бизнес, оның ішінде қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған аумақтарға, перспективалар мен тиісті жағдайлар бар жерге көптеп баратыны белгілі. Бірер күн бұрын облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен кеңесте Жамбыл жеріне инвесторларды тарту үшін индустриялық аймақтар құру мәселесі қаралды.

Басқосу барысында индустриялық аймақтарға инфрақұрылым тарту бойынша жұмыстардың басталу мерзімі мен аталған жұмыстарды қаржыландыру мәселелері де талқыға түсті. Жиында бұл тұрғыда «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Нүркен Шарбиев және облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Арнұр Мұхаметжанов баяндамалар жасады. Олардың айтуынша, біздің өңірге инвесторларды электр энергиясы мен сумен қамтамасыз етуге жеңілдетілген тарифтермен тартуға болады. Сондай-ақ олар қазіргі таңда қолайлы жерлерде орналасқан әрекетсіз коммуналдық ғимараттар мен жер учаскелерін пайдалану қажеттігін атап өтті.
– Әрбір адамға жұмыс істеуге және инвестиция салуға көмектесу керек. Егер, қолданыстағы заңнамаға қайшы келмесе, біз қаржылық жүктемені өз мойннымызға алуға дайынбыз. Бұл істе әкімшілік ықпал етудің барлық құралдарын, оның ішінде ақпараттық тетіктерді пайдалану маңызды, – деп қадап айтқан Асқар Мырзахметов жиын соңында тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына тиісінше тапсырмалар берді.

Comments are closed.