- Advertisement -

Талғат Шайкенов Жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль алды

131

- Advertisement -

Астана, BAQ.KZ. Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында бокс жарысы аяқталды. Қазақстан атынан шаршы алаңға шыққан Талғат Шайкенге күміс жүлде бұйырды, деп жазады Olympic.kz.
Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Талғат Шайкен финалда ресейлік Илья Поповпен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек барысында біздің спортшының басымдығы айқын білінгенімен, төрешілер жеңісті Поповқа берді.

Есеп — 4:1.

«Қазақ елінің үмітін ақтай алмадым. Кешірім сұраймын! Финалда ұтылдым. Төрешілер осымен үшінші рет жеңісімді тартып алды. Бұл боксшыны үш рет жеңсем де, жеңісті бермеді. Өте өкінішті», — деді Талғат финалдан соң.

Осы Олимпиадаға аттанған үш қазақ боксшысы да жүлдеге ілікті. Айбек Оралбай Олимпиада чемпионы атанса, Талғат Шайкен мен Дамир Тойбайдың еншісінде күміс медаль бар.

baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support