- Advertisement -

Бүгін – Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесі

105

- Advertisement -

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың басынан бастап құтқару бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарына 51,5 мың шығуды жүзеге асырды. 8,2 мыңнан астам адам құтқарылып, ТЖ аймағынан 17,6 мыңнан астам адам эвакуацияланды және 4 мыңға жуық зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

«Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы №2541 Жарлығымен еліміздің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің құрылған күні азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби мерекесі – Құтқарушылар күні.

Қазіргі заманғы жағдайда азаматтық қорғау жүйесі міндеттердің кең спектрін жүзеге асырады және төтенше жағдайлардың, өрттер мен техногендік апаттардың алдын алу мен салдарын жоюда, халықтың төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындық деңгейін арттыруда және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда айрықша рөлге ие.

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өзінің аумақтық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, күштерімен және құралдарымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі жедел қызметті атқарады. Бұл – әрдайым қажет және тәулік бойы әзірлікте болатын күштер мен құралдар.

Соңғы 5 жыл ішінде (2013-2017 жылдар) құтқару бөлімшелері 325 мыңға жуық шығуды жүзеге асырды, 39 мыңнан астам адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 128 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 29 мыңнан астам зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Халықты төтенше жағдайлардың туындау қаупі мен туындауы туралы ақпараттандыру үшін 1,3 мың рет СМС-хабарлама жолданды.

«Қазавиақұтқару» АҚ ұшу құрамы мен құтқару авиациясы іздеу-құтқару жұмыстары, өрт сөндіруге, оқу-жаттығулар мен жаттығуларға қатысу, жеке құрамды көшіру, аэровизуалды тексерулер жүргізу, сондай-ақ санитарлық авиация желісі бойынша1,3 мың рет ұшты.

«Қазселденқорғау» ММ мамандары көшкін қауіпті учаскелерге 400-ден астам жер үсті және аэровизуалды зерттеулер жүргізді. Көшкін қауіпті кезеңде Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында 26 қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстарын жүргізді, таулы аудандарда қар тоқтататын қалқандар жөнделді және қалпына келтірілді.

ТЖК жүйесіндегі буындардың бірі – Апаттар медицинасы орталығы болып табылады. Орталықта шұғыл ден қою бригадасы аварияларға, өрттерге, жол-көлік оқиғаларына және басқа да төтенше жағдайларға шығуға жедел кезекшілікте тұрады. Ағымдағы жылдың басынан бері Апаттар медицинасы орталығының трассалық медициналық-құтқару пункттері 1,1 мың шығу жасады, 1,2 мың адамды эвакуациялады, 2,4 мың зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетті. ТМҚП жұмысы өз жауапкершілік аймақтарында ЖКО кезінде өлім-жітім санын қысқартуға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет дамуда. Өрт сөндіру қызметі бірнеше жылдар бойы табиғи өрттерді уақтылы анықтау және оған ден қою үшін Жерді қашықтықтан зондтау қызметін белсенді пайдаланады. Нәтижесінде ғарыш мониторингі анықтаған орташа есеппен 30 гектардан аспайтын алқаптарда болған өрттер уақтылы табылуы мен ден қойылуына байланысты жойылды.

2018 жылдың 9 айында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 2,8 мың адамды құтқарды, 15,2 мың адамды эвакуациялады.

Халықтың қауіпсіз тіршілік әрекетіне жағдай жасауға бағытталған «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңы іске асырылуда. Осы Заңды іске асыру үшін Президенттің 3 Жарлығы, Үкіметтің 21 қаулысы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның 63 бұйрығы қабылданды.

Соңғы 5 жыл ішінде (2014-2018) Қазақстан азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 16 халықаралық келісім жасасты. Осылайша, бүгінгі күні осы саладағы шарттық-құқықтық база 31 келісімді құрайды.

 

baq.kz

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support