- Advertisement -

Таласта тындырылған тірлік көп

108

- Advertisement -

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы кезекті баспасөз мәслихаты Талас ауданының соңғы 8 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы барысымен танысуға арналды. Бұл туралы аудан әкімі Досмаханбет Әлиев жан-жақты тарата айтып берді.

Ол ағымдағы жыл еліміз, оның ішінде өңіріміз үшін де табысты да берекелі, қуаныш пен жасампаздыққа толы жыл болғанын атап өтіп, аудан еңбеккерлерінің де табысты еселей түскенін жеткізді. Атап айтқанда, есепті кезеңде кірістер бойынша 141 миллион, салықтар түсімі 121 миллион теңге көлемінде артығымен орындалған. Қаңтар-тамыз айлары аралығындағы жалпы өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер сомасы 22 миллиард 109 миллион теңгені құрап, өткен жылдағыдан 14, 0 пайызға немесе 2 миллиард 715 миллион теңгеге өсіпті. Өнеркәсіп өнімдері 11 миллиард 736 миллион теңге көлемінде өндіріліп, 116, 4 пайызға артығымен орындалған.
Ауданда мал басының саны артып келеді. Құрылыс жұмыстары көлемінің де өсуі байқалуда. Биыл пайдалануға берілген тұрғынжай аумағы 22 269 шаршы метрді құрап, жоспар былтырғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда, 15 616 шаршы метрге асыра орындалған. Сондай-ақ аудан орталығында 440 пәтерлі 6 көп қабатты үй жөндеуден өткізіліп, кезекте тұрғандарға берілу үстінде.
Баяндамашы ауылдарды газдандыру мәселесіне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Аманкелді газ кенішінен Талас ауданындағы – 5, Сарысу ауданындағы 4 елді мекенге газ құбыры жүйесі тартылуда. Бүгінде жалпы аудандағы елді мекендердің 9-ы «көгілдір отынмен» қамтылып отыр. Таяу жылдарда газбен қамтылған ауылдар санын 17-ге жеткізіп, бұл тұрғыда 80 пайыздық межені бағындыру да ойластырылуда. Жоспарға сәйкес 2019 жылы Ақкөл, Қызыләуіт, Ақтөбе елді мекендеріне газ құбыры жүйесін жүргізу көзделіп отыр екен. Оның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, тиісінше сараптамадан да өткізіліпті. Бұл мақсатқа 3 миллиард 222 миллион теңге көлемінде қаржы бөлу жөнінде республикалық бюджетке сұраныс берілген.
Досмаханбет Қасымұлы биыл Талас ауданының – 90, Қаратау қаласының 55 жылдық мерейтойлары атап өтілетінін, осыған байланысты ауданда ауқымды іс-шаралар легі басталып та кеткенін айтып, журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

Баймаханбет АХМЕТ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support