- Advertisement -

Азиада-2018: 9 қазақстандық боксшы ширек финалға шықты

171

- Advertisement -

Азиада-2018: 9 қазақстандық боксшы ширек финалға шықты

ДЖАКАРТА. ҚазАқпарат — 27 тамыз күні қазақстандық үш боксшы  Азия ойындарының  ширек финалына  шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан Бокс федерациясына сілтеме жасап.

2017 жылғы Әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев (56 келі) қарсыласы тайлық спортшы, 2015 жылғы Азия чемпионы Чатчай Бутдимен жұдырықтасу кезінде осалдық танытты. Бұл — команданың алғашқы жеңілісі. Тайлық боксшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңімпаз атанып, Ерәлиев финалдың 1/8 кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегінен кейін Азиада ойындарынан шеттетілуге мәжбүр болды.

Азиададағы Қазақстан құрамасының жалауын көтерген Әділхан Аманқұл (75 келі) төрешілердің бірігіп қабылдаған шешіміне сәйкес, жекпе-жектің үш кезеңінде де басымдық танытып, Таиландтың тағы бір өкілі, қарсыласы Афист Ханхокруеаны 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Медаль үшін күресте тағы бір жеңіске жеткен қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов (49 келі) болды. Спортшы жапониялық Томоя Цубоиді 3:2 есебімен жеңіп шықты.

1/8 финалда Қазақстан құрамасының жекпе-жектерін Бекдәулет Ибрагимов түйіндеді. Боксшы қытайлық Гуан Ваннан 5:0 есебімен басым озды.

Осылайша, қазақстандық 10 спортшының ішінен 9-ы ширек финалға шықты (Римма Волосенко жеребенің арқасында ¼ финалға жетті).

28 тамыз күні жартылай финалға жолдама алу үшін үшін рингке Сәния Сұлтанқызы (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Азат Махметов (52 келі), Саматәлі Толтаев (60 келі) және Асланбек Шымбергенов (59 келі) шығатын болады.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support