- Advertisement -

Д. Қонаев парасаты мәңгі үлгі бола береді

197

- Advertisement -

22 тамыз күні аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың өмірден озғанына 25 жыл болды.
Айтулы күнге орай Тараз қаласындағы Д.Қонаев көшесінің бойына орналасқан тау тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Республиканың бұрынғы көшбасшысына тағзым етуге келгендер арасында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алдияр Түсіпов, облыстың Құрметті азаматы Баттал Жаңабай және ардагерлер кеңесінің мүшелері, Д.Қонаев атындағы қор өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері болды. Гүл шоқтарын қоюға беттеген топты облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай бастап, қайраткердің ескерткішіне тағзым етті.
Осы күні бір топ жамбылдық ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері Алматы қаласының іргесіндегі ипподромда демалыстағы генерал Аман Шабдарбаевтың ұйымдастыруымен өткізілген Д.Қонаевты еске алуға арналған үлкен іс-шараға қатысты. Онда олар тай және аламан бәйгелерін тамашалап, Н.Нүсіпжанов, А.Қоразбаев, Т.Жаманқұлов бастаған белгілі өнер иелерінің әндеріне қол соқты. Іс-шара соңында Д.Қонаевтың әруағына ас беріліп, құран бағышталды.

 

Есет ДОСАЛЫ

Суреттерді түсірген Юрий Ким.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support