- Advertisement -

Грузия мен Қырғыз елдерінің азамат тары бүйрек алмастыру оталарын тараз қаласында жасат ты

397

- Advertisement -

Өңіріміздегі «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында» тұңғыш рет бүйрекке трансплантация жасалғалы бері де 4 айдай уақыт өтті. Донор ағзаға зәру жамбылдық азаматқа ағасы бір бүйрегін беріп, алғашқы отаны Қазақстан Республикасының ағзаларды транспланттау жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Жақсылық Досқалиев жасаған еді. Трансплантолог-дәрігердің асистенті сол жолы осы орталықтың маманы Ғани Құттымұратов болған. Содан бері жақын шет мемлекеттердің азаматтары трансплантация жасату үшін профессор Сейтхан Жошыбаевтың клиникасына көптеп қайырыла бастаған.

Бейсенбі-жұма күндері аталған клиникада кезекті бүйрек алмастыру операциялары жасалды. Қырғыз және Грузия мемлекеттерінің азаматтары ота жасату үшін Тараздағы Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығын таңдаған. Бұған себеп те жоқ емес. Өйткені медицина ғылымдарының докторы, академик Сейтхан Жошыбаев басқаратын клиника еліміздің оңтүстік аймағындағы жетекші орталық саналады әрі мұнда докторантураны шетелде оқыған білікті мамандар жұмыс істейді. Жоғары медициналық көмек көрсететін емдеу мекемесі тәжірибелі трансплантолог-дәрігердің өзін Астанадан шақыртқан.
– Тараздағы Жақсылық Досқалиев жасаған алғашқы ағза алмастыру отасына қатыстым. Өзім осының алдында ғана Астанадағы ұлттық ғылыми онкология-трансплантологиялық орталығынан ауысып келгенмін. Трансплантациялық оталарды жасай бастағаныма 7 жылдан асты. Негізі профессор Жошыбаев басқаратын орталықта ағза алмастыру оталары бойынша шетелде біліктілігін жетілдірген мамандар бар. Бірақ оларға енді тәжірибе жинау керек. Алғашқы операциядан кейін мамыр айынан бері біз айына 3-4 бүйрек алмастыру оталарын өзіміз жасадық. Оның біреуі ғана ел азаматы, қалғаны жақын шетелдерден келген. Бұл – тоғызыншысы. Қырғыз елінің 62 жастағы азаматына 35 жастағы немере інісі бүйрегін беруде, – дейді трансплантолог-дәрігер, Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы директорының орынбасары Ғани Мұратұлы.
Қырғыз азаматының гемодиализде жатқанына айдан асыпты. Ақыры ота жасату үшін Таразға келген. Оған алыс туысы бір бүйрегін беруге келісіпті. Грузиядан келген науқастың да жағдайы осыған ұқсас. Туыстары оның өмірін сақтап қалу үшін трансплантация жасауға келісім беріп отырған көрінеді.
Трансплантолог елімізде донор бүйрекке мұқтаж жандардың көптігін айтады. Ал ағзалар қазір тірі донордан ғана алынуда. Бір ғана Жамбыл өңірінің өзінде трансплантация жасату үшін айлап ауруханалар төсегіне таңылып, донор күтіп жатқандары 250-дей екен. Елімізде олардың саны 3,5 мыңнан асады. Оның ішінде жасанды бүйректің қызметіне сүйеніп, «шықпа, жаным, шықпамен» отырғандар да бар екен.

Ардақ ҮСЕЙІНОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support