- Advertisement -

Шүменовтің шүмектеп аққан тері ақталды

166

- Advertisement -

Кәсіпқой бокс әлемінде өзінің шын мықты екенін айқындап, екі салмақ дәрежесінде тұңғыш әлем чемпионы атанған Бейбіт Шүменов араға екі жыл салып, шаршы алаңға оралды.
Кәсіби мансабында жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақ дәрежелерінде әлем чемпионы белбеуін бұған дейін де беліне таққан Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақтағы WBA тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуді өзіне қайтарды.
Елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында Астанада түрік боксшысы Хизни Алтункаямен қолғап түйістірген қазақ оғланы қарсыласын 9-раундта техникалық нокаутпен ұтты. Бірінші раундтың өзінде-ақ Алтункаяны бауырынан ұрып, баудай түсірген Шүменовтің мықтылығы айқын аңғарылды. Тоғызыншы раундта түрік боксшысы тағы да нокдаунға түсіп қалды. Нәтижесінде бапкерлері оны оныншы раундқа шығарудан бас тартты. Жарқын мәнерде жеңіске жеткен Бейбіт Шүменов жекпе-жек аяқталған соң: «Елорданың 20 жылдық мерейтойымен баршаңызды құттықтаймын. Елбасымыз аман болсын. Осы бейбіт күнімізді құрметтейік. Алдағы 2-3 жылда талай қазақ баласы әлем чемпионы атанарына бек сенімдімін» деп өз ойымен бөлісті.
Бұл күні екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы әзірбайжандық Исмат Эйнуллаевты техникалық нокаутпен жеңіп WBA Asia белбеуін иемденсе, аталмыш салмақтағы Арман Рысбек грузиялық Сандро Терашвилиді, бірінші ауыр салмақтағы Али Балоев әзірбайжандық Казим Умудовты мерзімінен бұрын ұтып, жанкүйерлерді желпінтіп тастады. Өзге де бірқатар боксшыларымыз кездесулерінде жеңіске жетті.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support