- Advertisement -

Таластықтар топ бастады

118

- Advertisement -

«Тараз-Арена» спорт сарайында мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың 6 түрінен облыстық спартакиада өтті. Іс-шараны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің директоры Мақсұт Нәлібаев пен облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков сөз сөйлеп ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мұнан соң әр ауданнан жиналған 300-ге жуық қызметкер суда жүзу, үстел теннисі, жеңіл атлетика, қол күресі, кір көтеру, дойбы спорт түрлері бойынша өзара кім мықтыны анықтады. Жарыс аса тартысты өтті. Мемлекеттік қызметшілер арасында спортқа бейім мамандардың аз емес екеніне көзіміз жетті. Дегенмен жүзден жүйрігі анықталып, шеберлер топтан дараланды. Спартакиада қорытындысы бойынша командалық есепте Талас ауданының құрамасы жеңімпаз деп танылды. Жүлделі екінші орын кірістер департаментіне бұйырса, Т.Рысқұлов және Шу аудандары үшінші орын жүлдесіне лайық деп танылды. Жекелеген спорт түрлері бойынша да үздіктер анықталды.
Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті директорының орынбасары Нұрлан Еркебаев пен облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков марапаттап, диплом және бағалы сыйлықтар тапсырды.

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support