- Advertisement -

Мәскеуде ел мерейін өсіріп қайтты

156

- Advertisement -

Жуырда Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында «ЕуроХим» минералды-химиялық компаниясы» АҚ ұйымдастыруымен кейстер бойынша IV чемпионатының ақтық мәресі өтті. Ресейдегі ең үлкен минералды тыңайтқыш өндірушінің сыртқы қосалқы кадрлары қатарына кіру мүмкіндігін алу үшін «Тау-кен ісі» және «Минералды тыңайтқыштар» мамандықтары бойынша білім алып жатқан қазақстандық және ресейлік студенттер құрамалары өзара мықтыны анықтады.
Болашағынан үлкен үміт күттіретін студенттерді анықтау және оларға қолдау көрсетуді мақсат еткен бәсеке практикалық білім және жаңа біліктілік алуға қолғабыс етуге бағытталған.
Чемпионаттың іріктеу кезеңіне Ресей және Қазақстанның 12 кәсіби жоғары оқу орындарынан 400-ден аса студент қатысқан болатын. Қатаң сыннан сүрінбей өтіп, сайдың тасындай іріктеліп ақтық мәреге жеткен командалар эксперттік комиссияға ең қиын және қызықты кейстердің шешімдерін ұсынды.
Аталмыш білімділер додасына М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің технологиялық факультетіндегі Химия және химиялық технология кафедрасынан қатысқан Диана Балтабаева, Арайлым Боранбаева, Нұржан Әміре және Ксения Каршевалардан құралған «Технолог» командасы қатысты. «Минералды тыңайтқыштар» бағыты бойынша қатысқан жамбылдық студенттер ақтық сынға мүдірмей жетіп, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті. Сондай-ақ қиын технологиялық есепті шығаруда эрудициясы мен біліктілігін анық байқатып, эксперттік комиссия мүшелерінің жоғары бағасын алды.

А. САТҚЫМБАЕВА,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың
Химия және химиялық технология кафедрасының оқытушысы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support