- Advertisement -

Арман Рысбек алғашқы жекпе-жектен кейін-ақ әлемдік рейтингке енді

209

- Advertisement -

Беделді BoxRec.com сайты қазақстандық кәсіпқой боксшы Арман Рысбектің (1-0, 1 КО) профилін жаңартты.

Арманның кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі екі рет кейінге шегерілген болатын. Ақыры жақында АҚШ-тың Киссимми қаласында америкалық Джон Морхауспен кездесу өткізді. Ол да кәсіпқой боксқа алғаш шығып тұрған боксшы. Бұл жекпе-жек әуелде 4 раундқа жоспарланғанымен, бірінші раунда қазақстандық былғары қолғап шеберінің жасаған нокаутымен аяқталған болатын.

Кездесу қорытындысы бойынша BoxRec Арманды рейтингте орта салмақ санаты бойынша 982-орынға қойыпты. Ал бұл дивизионда жалпы 1053 боксшы бар. Айта кетейік, бұл салмақ рейтингінде 4 чемпиондық белдігі (WBA Super, WBC, IBF, IBO) бола тұра Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) екінші тұр. Ал бірінші орынға мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жайғасқан.

Дереккөз: inform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support