Головкин-Алварес жекпе-жегінің билеттері 3 минутта сатылып кетті

Головкин-Алварес жекпе-жегінің билеттері 3 минутта сатылып кетті
ашық дереккөз
Головкин-Алварес жекпе-жегінің билеттері 3 минутта сатылып кетті
Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегінің сатылымға шығар. Оның айтуынша, боксшылар арасындағы кездесудегі ең арзан билеттің бағасы шамамен 300 доллар.
«Осылайша, #CaneloGGG жекпе-жегіндегі 300 доллардың билеттері 3 минутта сатылып кетті... Таңқаларлық жағдай», - дейді Брэндон Стаббс өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.
Айта кетейік, бұл билеттер алдын ала сатылымға шығарылған билеттер болып саналады. Ал ресми түрде билеттер 27 ақпан күні сатыла бастайды. Sports.kz порталының мәліметіне сәйкес, Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасында өтетін екінші жекпе-жектегі билеттердің бағасы 300 доллар, 500 доллар, 700 доллар, 800 доллар, 1 500 доллар, 2 мың доллар, 2 500 доллар және 5 мың долларды құрайды. Естеріңізге сала кетейік, екі боксшы арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтеді. Былтыр өткен Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы кездесуде жеңімпаз анықталмаған. Төрешілер тең ойын болды деп, екеуінің де қолын көтерген. Дереккөз: baq.kz  

Ұқсас жаңалықтар