- Advertisement -

Илья Ильин Токио Олимпиадасына қатыса ма?

130

- Advertisement -

Допинг дауына нүкте қойылды. Иә, екі бірдей Олимпиада ойындарының алтын жүлдесінен қағылған қазақстандық зілтемірші Илья Ильинге қатысты халықаралық ауыр атлетика қауымдастығының шешімі шықты. 2016 жылдың 10 маусымынан бастап үлкен спорттан шеттетілген қазақстандық спортшы 2018 жылдың маусым айынан бастап кәсіби мансабын жалғастыра алады.
Бұл әрине жанкүйерлер үшін жағымды жаңалық. Алайда Ильяның өзі спорттық бабын жоғалтып алған жоқ па? Осы мәселеге қатысты өз ойын білдірген Илья: «Мен Токио Олимпиадасына қатысамын ба, жоқ па, ол туралы әзірге кесіп айта алмаймын. Қазіргі таңда 29 жастағы жас спортшымын. Алдымен спорт саласының басшыларымен ақылдасуым керек. Сондай-ақ толық медициналық тексерістен өтіп, дәрігерлердің рұқсатын алуға тиістімін. Қазір мен он келідей салмақ тастадым. Сондықтан егер бәрі дұрыс болып жатса, Олимпиада ойындарында қай салмақта сынға түсуім мүмкін екенін нақтылауым керек. Әрине, менің өзімді дәлелдеуіме мүмкіндік туып тұр. Бас тартуға хақым жоқ. Дегенмен, жоғарыда сөз еткенімдей, бәрі алдағы уақыттағы жағдайға байланысты болады. Спортшы ретінде жаттығудан қол үзбедім. Десе де менің ағзам аса ауыр салмақтарға әлі дайын емес. Әйткенмен, болашақтан үмітім зор», – дейді спортшы.
Қалай десек те, келер жылдың маусым айынан бастап, Илья Ильинге өзін дәлелдеуге мүмкіндік туды. Сайыпқыранымыз өзіне тағылған айыптардың негізсіз екенін әлемдік деңгейдегі додаларда дәлелдеуге бар күшін салатынына сенімдіміз. Өйткені біз білетін Илья – нағыз күрескер жігіт.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support