- Advertisement -

Сербия төрінен 1 алтын, 1 қола бұйырды

84

- Advertisement -

Сербияның Нови-Сад қаласында самбодан жастар арасында әлем чемпионаты өткен болатын. Төрт күнге созылған дүбірлі додаға Қазақстан спортшылары да қатысып, толайым табыстармен оралды. Әлем біріншілігінде ел намысын жамбылдық спортшылар да абыроймен қорғап, туымызды көкте желбіретті.
Жастар арасындағы әлем чемпионаты – спортшы үшін ең басты бәсекелердің бірі саналады. Дуы басым додада қатарыңнан оза шауып, шын мықты екеніңді әйгілеу – зор жетістік. Айтулы аламанға аттанған жамбылдық спортшылар осы ұстанымды көкейлеріне мықтап қондырған болатын. Нәтижесінде өңір саңлақтарына екі бірдей жүлде бұйырды. Атап атйсақ, 52 келі салмақ дәрежесінде қыздар арасында топқа түскен Жадыра Әміртаеваның мерейі үстем болды. Сербия төрінде өзін жақсы қырынан көрсетіп, жасындай жарқыраған ол қарсыластарының барлығын қапы қалдырып, алтыннан алқа тағынды. Көк туымызды көкте желбіреткен спортшының асқақ армандары мен алар асулары әлі алда екені анық. Сонымен қатар, 56 келі салмақ дәрежесінде ерлер додасына араласқан Елнұр Сүлеймен де үмітімізді ақтады. Жартылай финалға дейін алқынбай жеткен Елнұр ақтық сынға шыға алмаса да, қола жүлдені қоржынымызға салды.
Осылайша Сербия елінде өткен әлемдік додадан жамбылдық спортшылар да жақсы нәтиже көрсетіп, мерейімізді тасытып оралып отыр. Саңлақтарымызға алдағы жарыстарда да тек қана жеңістер тілейміз!

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support