- Advertisement -

Қайырымдылық – жылы жүректен

127

- Advertisement -

Тараз қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты салтанатты шара өтті. Бұл өмірдегі ең игі, сауапты істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау десек, аталған орталықтан қызмет алушылар одан кенде емес. Олар мемлекеттің қамқорлығына алынып, барлық жағдайлары жасалған. Алайда бұл концерттік шараның орны ерекше болды, олардың көңілдерін бір серпіліп қалғаны жүздерінен айқын аңғарылып тұрды.
№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры, «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының төрайымы Гүлжауһар Құшанова жиналғандарға ізгі тілегін білдіріп, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен мүмкіндігі шектеулі тұрғындар арасындағы спартакиададан жүлделі орынға ие болған орталықтың қызмет алушыларын марапаттады. Орталық қызметкері Айгүл Ршымова мен ІІ топтағы мүгедек Сабит Есебаевтың орындаған «Болайық бірге» әні, Владимир Гришиннің жан сезімінен туындаған өлеңдері, Татьяна Шумилованың «Василек» әні мүгедек жандардың көңілін көтеріп, әсем әуенге билеп те кетті. Бірінен кейін бірі еркін сөйлеген арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар өздеріне көңіл бөлініп, жағдай жасалып жатқандығана риза екендіктерін жеткізді. Үйлеріне кеткен күнде де мұндағы қолайлы жағдайға үйреніп қалғандар қайтып орталыққа оралып жатады екен.
Жалпы, бұл орталықта елу қызмет алушы орталық қызметкерлерінің көмегімен тамақтанып, күнделікті тұрмыстық дағдыларын орындайтын болса, 103 жан өздігінен жүріп-тұрады. Оның ішінде 39-ы қазақ, 78-і орыс, 36-сы өзге ұлт өкілдері. Орталық әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық бағыттары бойынша қызметтер көрсетеді.

Шынар Сағиева,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support