- Advertisement -

Қанат Исламның қатысуымен өтетін бокс кешінің билеттері қанша тұрады?

78

- Advertisement -

Қанат Исламның қатысуымен өтетін бокс кешінің билеттерінің құны белгілі болды.
Жекпе-жек кешінің ең арзан билеттері 2000 теңгеден басталса, орташа бағадағысының құны 5000 және 7000 теңге тұрады. Ал ең қымбатын көрермендер 10 000 теңгеге сатып ала алады.
Ағымдағы жылы 9 қыркүйекте Астанада қазақстандықтар үшін маңызды бокс кеші өтетінінен барша бокссүйер әлеумет хабардар. Кештің басты жекпе-жегінде отандасымыз Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук қолғап түйістіреді. Боксшылар бірінші орта салмақта IBF титулын сарапқа салмақ.
Сондай-ақ, Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов, Нұрсұлтан Жаңабаев секілді былғары қолғап шеберлері де жекпе-жектер өткізбек.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support