- Advertisement -

29 адам суға кетіп қаза болған

98

- Advertisement -

Брифингте облыстық ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Саиров пен Жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары-құтқарушы Бахыт Искаков облыс аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу шаралары туралы, шомылу маусымы кезеңіндегі қайғылы оқиғалардың алдын алу мәселелері жайын баяндады.
Жыл басынан бүгінгі күнге дейін облыс аумағында далалық алқапта 1092,8 гектар жерде 88 жану оқиғасы, 11275 гектар жерде төрт орман өрті, 1065 гектар жерде төрт дала өрті орын алған. Орман өрті салдарынан 9 миллион 373 мың теңге, дала өрті салдарынан 8 миллион 370 мың теңге шығын келген. Бір атап өтетін жайт, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жану оқиғасы үш есеге, от шалған аумақ жеті есеге, ал орман өртінің саны екі есеге, аумағы 358 есеге артқан. Қазіргі таңда облыстың ауылдық елді мекендерінде 2180 адамнан құрылған 171 ерікті өрт сөндіруші құрылымдар ұйымдастырылған. Облыстық бюджеттен 1 миллион 840 мың теңге қаржы қаралып, өртке қауіпті кезеңде орманды далалық алқаптарда ғарыш мониторингін жүргізу үшін «ГеоСат» ЖШС-мен келісім жасалған. Орман және аң шаруашылығы комитетінің «Қазақ Авиациялық Орман күзету» мекемесінің бір ұшағы мен бір тікұшағы арқылы облыстағы орман қорының 3,2 миллион гектар жері әуеден күзетілуде екен.
Сондай-ақ, шомылу маусымы басталмай тұрып-ақ тиісті мекеме профилактикалық жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық құтқарушыларды оқытып, әртүрлі кешенді шаралар жүргізгенімен суға кету оқиғасы тоқтамай тұр. Мәселен, жыл басынан бері облыста 29 адам суға кетіп қаза болған, олардың 18-і бала. Суға кетудің негізгі себептері: балалардың қараусыз қалуы және ересектердің мас күйінде шомылуы, балық аулаушылардың қауіпсіздікті сақтамауы көрінеді. «Күні кеше ғана Тараз қаласында кешкі уақытта үйінен шығып кеткен алты жасар бала ата-ананың қараусыздығынан Талас өзеніне батып кетті. Сондықтан ата-аналарды мұқият болуға шақырамыз», – деді Б.Искаков.

Шынар САҒИЕВА,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support