- Advertisement -

Фабио Ару «Тур де франста» топ бастады

105

- Advertisement -

«Астана» командасының велошабандозы әрі капитаны Фабио Ару әйгілі «Тур де франс» велокөпкүндігін жалпы есебінде топ тізгінін қолға алды. Ол әйгілі аламанның 12 кезеңінде жалпы есепте үшінші орыннан көрінді. Осылайша, Ару бұған дейін көш бастаған ұлыбританиялық Крис Фрумнан 6 секунд алда тұр.
«Тур де франс» велокөпкүндігінде алда әлі 9 кезең бар екені белгілі. Қалған кезеңдерде Фабио Крис Фрумның алдын орап отырса, жеңістің ауылы жақындай түсетіні сөзсіз. «Мен Джиро көпкүндігінде мықтылығымды дәлелдедім. «Вуэльтада» қызыл жейдені кидім. Тек «Тур де франстың» сары жейдесі жетпей тұрғаны. Ол мақсат та орындалды. Бұйыртса, атақты жарыста алдыңғы лектен көрініп, жанкүйерлерімді қуантсам деген ойым бар», дейді Арудың өзі ойымен бөлісіп.
Талай байрақты бәсекелерде тұғырдың ең биік сатысынан көрінген Фабионың тағы да «Астана» командасының намысын абыроймен қорғайтынына бек сенімдіміз.

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support