- Advertisement -

«Меркі – менің мекенім!»

181

- Advertisement -

Жыршы-композитор Бейбіт Шошабаевтың 

жаңа ән жинағы жарық көрді

Қазақ ұлттық әдет-ғұрып академиясының профессоры, жыршы-композитор, Меркі өңірінің тумасы Бейбіт Шошабаевтың «Дастан» студиясынан «Меркі – менің мекенім!» атты жаңа ән жинағы жарық көрді.
«Дастан» студиясы арқылы жарық көріп, Мәскеудегі фирмалардың бірінде сапалық тұрғыдағы өңдеуден өткен жаңа жинаққа Бейбіт Шошабаевтың 15 шығармасы енгізіліпті. Олардың қатарында есімі елге белгілі ақын Қуандық Шолақ сөзін жазған «Тұрар толғауы», ақын, журналист (марқұм) Кәріпжан Нүсіп мәтінін жазған «Сыпатай толғауы» секілді терең тынысты дүниелермен қатар «Ақсақ қыздың зары», «Бабалардан қалған өсиет» секілді мазмұндық аясы кең шығармалар да бар.
Жыршы-композитордың өзі бұл жинаққа тек қана таңдаулы туындылары енгенін айтады. «Өнер өлкесінде біраз жылдан бері талмай ізденіп, еңбектеніп келемін. Әр шығармам – жүрегімнің бөлшегі іспеттес. Осы орайда ТМД және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі, «Құрмет» орденінің иегері Досымхан Аралбаев мырзаға шексіз алғысымды, ризашылығымды білдіремін. Ол кісі менің ән жинағымның шығуына қолдау көрсетіп, демеушілік жасады. Осындай өнерге шын мәнінде жанашыр боп жүрген азаматтардың қатары артса екен», – дейді Бейбіт Шошабаев ойымен бөлісіп.
Ән жинағына ұлттық өнерімізді дәріптейтін терең тынысты шығармаларын енгізген өнер иесіне біз де толайым табыстар тілейміз!

Табиғат АБАИЛДАЕВ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support