- Advertisement -

Жастарға ел сенімін ақтау парыз

116

- Advertisement -

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміздің экономикасының жақсы дамығанына тоқталып, әлі де дами түсуін, бәсекелестік қабілетімізді арттыра түсуіміз қажет екендігін айқын көрсетті. Егеменді еліміз өте маңызды белестің алдында тұр. Жауапты кезеңде біз сияқты жас мемлекеттік қызметшілердің бойындағы жігері мен біліктілігін, білімін іс жүзінде көрсетіп ел жаңғыруына елеулі үлес қосатын маңызды кезең. Елбасымыздың «Жастарға сенеміз» деген сөзі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Ел жаңғыруындағы жастардың елеулі үлес қосуына бағыт-бағдар беру мақсатында жуырда Қызылорда қаласында аймақтық жас қызметшілер слеті өтті. Тәуелсіз елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға Жамбыл , Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының жас мемлекеттік қызметшілері қатысты. Слеттің салтанатты ашылуы ерекше әсер қалдырды.
Слет аясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжановтың қатысуымен «Дамыған 30 елдің қатарына кіруде жастардың ролі» атты форум ұйымдастырылды.
Форум барысында облыс әкімі ел экономикасын басқаруда жаңа тәсілдерді тиімді пайдалану үшін мемлекеттік аппаратта кәсіби, жаңашыл практикалық жұмыс тәжірибесі прогрессивті және креативті ойлау қабілеті бар кәсіпқой мамандардың болуы қажет екенін баса айтты.
Қай кезеңде де, қоғамның қозғаушы күші – жастар. Сондықтан, Мемлекет басшысы кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуында жастарға ерекше үміт артады. Сіздерге мемлекеттік қызмет саласында жаңашыл да заманауи, шыдамды болыңыздар деймін! Сол кезде ғана барлығына қол жеткізе аласыздар!- деді облыс әкімі.
Облыс әкімінің сөздері маған жас мемлекеттік қызметкер ретінде бізге, жастарға артылып отырған сенім жүгі өте салмақты екенін, ел сенімін ақтау мақсатында талмай еңбек ету қажеттілігін терең түсінуімізгеой салады да, ел келешегінің жарқын болуына жастар үлесінің зор екендігін айқындай түсті.
Екі күнге созылған шара барысында әр аймақтан келген мемлекеттік қызметшілер Қызылорда облысындағы тарихи-мәдени орындарды аралап, Қорқыт ата мемориалдық кешенін тамашалады. Сондай-ақ, слет аясында 5 шақырымдық «Адал жол» марафоны ұйымдастырылды.
Еліміз 25 жылда екі жаңғырудан өтті. Біріншіден тәуелсіздік тұғырында нарықтық экономика қағидаларын ұстана отырып, жаңа мемлекет құрдық. Екіншіден «Қазақстан — 2030» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, бүкіл әлем мойындап, тамсана қарайтын әсем де сұлу керемет Астанамызды аз уақыт ішінде салдық. Әрине осы жетістіктерге ел жастарының қосқан үлесі аз емес.
«Біз жастарға сенеміз.. деген сөздің берері көп» екенін және ел дамуына тың серпін беретін Қазақстанның үшінші жаңғыруына да жас мемлекетік қызметкерлердің маңызды салаларында қажылмайтын қайратпен еңбек ететіне сенімім зор. Жас мемлекеттік қызметкердің негізгі мақсаты – Ұлы дала елінің, Ұлы жастарының өшпес ізін елге адал қызмет ете отырып, ел алғысына ие болу. Егеменді елімізді алдыңғы ондыққа жеткізу!

Алия Байдилда, Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support