- Advertisement -

Олимпиадада ер боксшылардың қатары сирейді

109

- Advertisement -

Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиада комитетінің кезектен тыс отырысы өтті. Басқосу барысында Токио Олимпиадасында бокстан қыздар додасын 3 салмақтан 5 салмаққа дейін көбейту туралы шешім қабылданды.
Халықаралық Олимпиада комитетіндегілердің айтуынша, қыздардың салмақ дәрежелерін көбейту үшін ерлер боксындағы 10 салмақты 8 салмаққа дейін қысқарту қолға алынған. Бұған дейін 10 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп келген ерлер енді 8 салмақта додаға түспек. Есесіне қыздар енді 3 салмақ дәрежесінде емес, 5 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
Естеріңізге сала кетейік, әуелде Олимпиада ойындарында ерлер бокстан 12 салмақ бойынша топқа түссе, кейіннен 11 салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан. Ал соңғы кездері 10 салмақ бойынша кім мықты анықтап жүрген еді. Әзірге Халықаралық Олимпиада комитеті қай салмақтар қысқартылатынын нақты белгілеген жоқ. Алдағы уақытта анықтала жатар.

Ардақ Сафибулла,
ТарМУ-дың 2-курс студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support