- Advertisement -

Студенттер дода көрігін қыздырды

86

- Advertisement -

«Жастар – терроризм мен экстремизмге қарсы» ұранымен облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында спартакиада болып өтті. Студенттер додасында шағын футбол, үстел теннисі, волейбол, қол күресі, асық ату, жеңіл атлетика секілді бірнеше спорт түрлері қамтылды. Жарысқа 237 студент қатысып, шын жүйріктер анықталды.
Спартакиада қорытындысында шағын футболдан Жамбыл политехникалық колледжінің командасы қарсыластарын қапы қалдырып, чемпион атанса, «Тараз Парасат» колледжінің студенттері екінші, Тараз сервис және технология колледжінің түлектері үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, волейболдан да ұлдар арасында Жамбыл политехникалық колледжі білімгерлері қарсыластарынан озық шықса, №8 Мойынқұм колледжінің студенттері жүлделі екінші орынға, «Тараз Парасат» колледжінің өрендері үшінші орынға орнықты. Қыздар арасындағы сайыста «Тараз Парасат» колледжінің түлектері жеңіске жетсе, Жамбыл политехникалық колледжінің командасы екінші, Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері үшінші орынға иелік етті.
Тартысты өткен спартакиадада үстел теннисінен, қол күресінен, жеңіл атлетикадан және өзге де спорт түрлерінен жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Жалпыкомандалық есепте Жамбыл политехникалық колледжінің студенттері топ жарса, «Тараз Парасат» колледжінің құрамасы екінші, Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің командасы үшінші орыннан көрінді.

Аян ҚУАТ,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support