- Advertisement -

Роналдудың көз жасына бәс тігесіз бе?

103

- Advertisement -

Бүгін түнде жанкүйер біткен дегбірсіздене күткен ойын – футболдан чемпиондар лигасының ақтық кездесуі өтеді. Уэльс астанасы Кардифф қаласында өтетін шешуші ойында Еуропаның үздік клубы анықталады. Әлемдегі нөмірі бірінші спорт түрі саналатын футболға аңсары ауған жанкүйер қауымның назары түн ауа көгілдір экранға ауады.
Әрқашан неше түрлі қитұрқы тәсілдерге барып, жаңа бір дүниені ойлап таба білетін букмекерлік кеңселер чемпиондар лигасының финалында өте қызық эпизод бойынша бәс қабылдауға бел буыпты. «Ерлер де жылайды» деп ат қойып, айдар таққан «Тенниси. кз» букмекерлік кеңсесі «Финалдық ойын аяқталған соң Мадридтің «Реалының» футболшысы Криштиану Роналду жылай ма?» деген сауалнаманы жанкүйерлерге жолдап отыр. «Иә, Роналду көз жасына ерік береді» деген бәске 2,70 коэффициент ұсынады олар. Жалпы мұндай адам сенгісіз оқиғаларға жанкүйерлердің бәс тігуі екіталай.
Естеріңізге сала кетейік, УЕФА чемпиондар лигасының финалында Испания чемпионы «Реал» командасы мен Италия чемпионы «Ювентус» бақ сынайды. Сонымен сіз Роналду жылайды дегенге сенесіз бе?

Табиғат абаилдаев,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support