- Advertisement -

Назарбаев пен Трамп Сауд Арабиясына барды

114

- Advertisement -

Қазақстан Президенті «АҚШ — Ислам әлемі» саммитіне қатысу үшін Эр-Рияд қаласына барды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 24 Хабар арнасының мәліметінше, Мемлекет басшысының бұл сапары жөні бөлек жиынға арналады. Ертең мұнайлы ел астанасы Америка — мұсылман елдері саммитін өткізеді. Қолдағы бар мәлімет бойынша келелі жиынға 50-ден аса мемлекеттің басшылары қатысады. Қазақстанның бұл кеңесте алатын орны ерекше болмақ. Американың Президенті Дональд Трамп та кездесуге қатысады. Бұл жаңалықты жаһан журналистері жарыса жазып жатыр. Себебі Ақ үйдің қожайыны алғашқы сапарын осы Эр-Риядтан бастайды. АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Герберт Макмастер тілшілерге берген сұхбатында Дональд Трамп Сауд Арабиясында ислам діні жайында кең көлемде сөз сөйлейді және онда ол исламдағы радикализм, террориммен күрес жайында баяндама жасайды деген. Әлем елдері көз тігетін ертеңгі жиында тағы маңызды мәлімдемелер жасалады. © Reuters  Тегтер: Назарбаев Нұрсұлтан, Сауд Арабиясы, Трамп Дональд «Ел жаңалықтары» айдарындағы басқа жаңалықтар : ҚР СІМ Оңтүстік Корея әуежайының қазақстандықтарды неліктен жертөледе ұстағанын түсіндіріп берді Еріктілер екі жасар Анастасия Руденконы іздестіру жұмыстары қалай жүргізілгенін айтып берді Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді Оңтүстік Корея әуежайы қазақстандықтарды жертөледе қамап ұстап отыр Қазақстан зиялы қауымының өкілдері жыр семсері, алдаспан ақын Махамбет Өтемісұлының әруағына дұға бағыштады

5d50ac753c6f1b0d1dd6c0aac929fb29 10d37a1c4d3b24c442c30b50a84539d9 197e51c5e01a3d89870a330e4cbe25ba

 

ақпарат көзі tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support