- Advertisement -

«Астана Арланс» ресейлік клубты жеңіп, WSB жартылай финалына шықты

81

- Advertisement -

Бүгін, 20 мамырда «Астана Арланс» боксшылары ресейлік «Патриот Боксинг Тим» клубымен Бүкіләлемдік бокс сериясының ширек финалының аясында қарымта кездесуінде қазақстандық клуб жеңіске жетіп, WSB жобасының жартылай финалына шықты.

Қарағандыда өткен бокс кешінде қазақстандық клуб 4:1 есебімен жеңіске жетті.   52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олжас Сәттібаев Иван Абрамовты жеңсе, 60 келіге дейінгі салмақта Закир Сафиуллин Шахриер Ахмедовтен басым түсті.

Үшінші болып шаршы алаңға көтерілген Дмитрий Зиско Артем Сусленковтан жеңіліп қалды. Ал 69 келіге дейінгі салмақта Асланбек Шымбергеов Шахабас Хатаевты айқын жеңіп, «Арландарға» уақытынан бұрын жеңіс сыйлады.

Бокс кешінің соңғы жекпе-жегінде 81 келіге дейінгі салмақта Арман Рысбек Имам Хатаевтан басым түсті.

Еске салайық, 11 мамырда Кемеревода өткен бірінші матчта  3:2 есебімен қазақстандық команда жеңген еді.

ақпарат көзі kaz.vesti.kz
 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support