- Advertisement -

The Spirit of Tengri сахнасында мәдениеттер тоғысты:»Барабаны Алматы», «Хуун-Хуур-Ту» және Marga Muzika фестивальді ашып берді

68

- Advertisement -

Алматыда The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Абай атындағы Республика Сарайында сағат 17.00-де басталды. Кеш екі күн өтеді — 20-21 мамыр, кіру тегін. Айта кетейік, бұл фестиваль биыл бесінші рет өтіп жатыр. Жобаны Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Онлайн-трансляцияны мына жерден көре аласыздар. Фестивальді «Барабаны Алматы» жобасы, көмеймен ән айтудың шебері — Тываның «Хуун-Хуур-Ту» тобы, сондай-ақ, Литваның Marga Muzikа тобы ашып берді. Орындаушылар бастапқыда медитатив сарынмен, кейіннен барабанмен, ритммен рок жанрында өнер көрсетті. Әндердің дыбысталуы тыңдармандарға ерекше әсер етті. Tengri FM радиостанциясының директоры Мадина Уморбекованың айтуынша, биыл фестиваль ұйымдастырушылары әндердің дыбысталуын күшейткен, сол себепті музыкадан бұрынғыдан қарағанда қаттырақ естіледі.  Сондай-ақ, бүгін сахнаның қасында қолөнершілердің жәрмеңкесі ашылды. Онда қонақтар қолдан жасалған заттар мен музыкалық аспаптарды және киім-кешектерді сатып алады. Сонымен қатар, биыл фан-зона аумағында арнайы тамақтанатын жер ұйымдастырылған. Осылайша, фестиваль қонақтары музыканттардың жанды даусын ғана емес, сондай-ақ, түрлі халық мәдениетінің  hand-made туындыларымен және қазақ халқының, еуропалықтардың дәстүрлі тағамдарымен таныса алады йта кетейік, қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі — The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен болатын. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында «Алдаспан», Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері — «Роксонаки» тобы ашты. Ал былтыр фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатыcқан еді. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), «Айирхаан» (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), «Арғымақ» (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török’s Band & Holdviola (Венгрия), «Алдаспан» (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), «Тиграхауд» (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), «Барабаны Алматы» жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары. Фестивальдің бас серіктесі — Kaspi.kz. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда open-air форматында Абай атындағы Республика сарайында 20-21 мамырда өтеді. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Фестивальге техникалық қолдауды KZ Sound компаниясы көрсетеді. Кіру тегін.           Айта кетейік, қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі — The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен болатын. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында «Алдаспан», Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері — «Роксонаки» тобы ашты. Ал былтыр фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатыcқан еді. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), «Айирхаан» (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), «Арғымақ» (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török’s Band & Holdviola (Венгрия), «Алдаспан» (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), «Тиграхауд» (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), «Барабаны Алматы» жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары. Фестивальдің бас серіктесі — Kaspi.kz. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда open-air форматында Абай атындағы Республика сарайында 20-21 мамырда өтеді. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Фестивальге техникалық қолдауды KZ Sound компаниясы көрсетеді. Кіру тегін.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support