- Advertisement -

Алдымызға ұлы мақсат тар қойылып отыр

104

- Advertisement -

Динара КӘРІБАЕВА,
облыстық ана мен баланы аялау орталығының бас дәрігері.

Жапония елі ұлттық рухты берік сақтап қалғанының арқасында жаһандану көшінен қалмай, экономикасы, мәдениеті дамыған мықты мемлекет ретінде қалыптасып отыр. Бізде де заманның ағымына қарай белгілі бір жүйеге, логикаға, ұлттың негізгі мақсатына сәйкес рухани жаңғыру – ұлттық рухты жандандыру, ояту жұмысын жүргізудің қажеттігі айқын сезілді. Әсіресе, Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру кезінде.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, міне, осы мәселенің нақты жауабы да болып отыр. Онда рухани жаңғыруымыздың барлық қыры қамтылған. Ендеше, бүкіләлемдік бәсекелестік үдерістерінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін, босағасы берік, керегесі кең, шаңырағы биік Мәңгілік Ел атануымызға қуат беретін күшті ұлттық сана, ұлттық рух қалыптастыру жолындағы қадамымыз сәтті болсын!
Қалай болғанда да, дағдарысты еңсеріп, мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту үшін де қоғамда болашаққа деген нық сенім мен мықты рухтың қалыптасқаны жөн. Рух-сана дамуының, өркендеуінің, қоғамға ықпал ету деңгейінің ең жоғары биігінде туындайды. Бүкіл елдің, халықтың қам-қарекетін негізгі нысана етіп, ой-санасының өзегіне айналдырады.
Тағы бір баса айтар мәселе, Мемлекет басшысы осынау мәселені бүгін ғана айтып, көтеріп отырған жоқ. «Қазақстан-2050» Стратегиясының қабылдануы да жұртымыздың ой-санасына жаңа серпін беретін, ұлттық рухымыздың айбынын арттырып, ішкі тұтастығын бекемдейтін ғылыми негізделген, сарапталған, болашаққа үлкен бағыт сілтеген саяси-рухани мәні зор ірі оқиға болды. Елбасымыз бұл құжатта «Жаңа қазақстандық патриотизм» деген түсінік енгізді.
Жалпы, ұлттық рух пен жаңа қазақстандық патриотизмнің екеуі де айрықша маңызға ие. Бірін-бірі толықтырып тұр. «100 нақты қадамда» қадап айтылған мәселелердің ең сүбелісі де осы. Егер рухымыз мықты болмаса, отансүйгіштік қабілетіміз нашар болса, біз қалай әлемдегі ең таңдаулы, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарынан табыла аламыз? Азаматтар мемлекетке жеке және кәсіби тұрғыдан өсу үшін мүмкіндіктер болса ғана сенім артады. Мемлекет пен жеке азаматтар арасында өзара сенім орнаған жағдайда ғана ұлттық рух асқақтап, болашаққа ұмтылған қадам қарқынды болмақ. Еліміздің даму жағдайы мұның барлығына да сайма-сай келіп тұр. Алдымызға ұлы мақсаттар қойылып отыр. Осынау жолда ел игілігі үшін қызмет ету баршамыздың абыройлы һәм мәртебелі борышымыз.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support