- Advertisement -

Аталы сөз, кемел ой, келелі пікір

105

- Advertisement -

аталы сөз, кемел ой, келелі пікір Мырзахан ӘБДІҚҰЛОВ,

Ерназар ауылдық 

округінің әкімі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты пайымды көзқарасын тебірене оқып шықтым. Елбасы мақалада арғы-бергі дәуірлер тәжірибесі мен мемлекет құру үлгілерін саралап, жаны, жүрегі, ойлау кеңістігі әлемдік бәсекелестік жағдайында өмір сүруге бейім ұрпақ өсіріп, ұлт тәрбиелеу қажеттілігіне айрықша көңіл бөле отырып, елімізді рухани жаңғыртудың бірегей бағдарламасын ұсынды.

Мен бұл бағдарламаны қуана құптадым. Баспасөз бетіне алғаш жарияланғанда бағдарламаны Елбасының жыл сайын халқына жолдайтын Жолдауына баладым. Жолдау – еліміздің бағыт-бағдары, жоспары. Демек, бұл бағдарлама да Жолдаулардан кем емес. Кем еместігі сол, бағдарламаның аты айтып тұрғандай, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Шындығында, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп жатса, онда біздің рухымыз асқақтамақ. Енді өмір салтымыздың озығын алып, тозығын тастайтын кез жеткен сияқты.

Бұл жай мақала емес, бұл – бүгінгі заманның айнасы, болашақтың бағдары. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық мәселені алға тартып отыр. ХХІ ғасырда қалыптасар ұлттық санамыз біздің ұлт есебінде сақталып қалу мен Мәңгілік Ел болу ұлы мұраттарымыздың жүзеге асуының алғы да басты шарты болары анық.

Әр ұлттың өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан асыл ойлары мен ізгі амалдарын және де жақсы кісілік бітім-болмысын, салты мен дәстүр, ғұрпын сақтау бүгінгі күні жалпы адамзаттық үлкен мәселеге айналып отыр. Адамзат өмірі мен тұрмысына ғылым мен техника жетістіктері және ақпараттар ағыны араласқалы кез келген ұлттың санасына ауыр салмақ түсе бастады. Ол салмақ ұлттың санасына идеологиялық және саяси жүк болып артылғанын да бағамдар едік.

 «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деген Елбасының осы бір өте маңызды тұжырымы расында айдай ақиқат. Ендігі арада бізді сол ұлттық кодымызды сақтау мен соны дүниеге келген, алдағы уақытта да дүниеге келер ұрпағымыздың бойына қалай сіңіреміз деген мәселе ойландырса етті. Ал бұл орайда ойланатын мәселе бар деп санаймыз. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» – дейді Елбасы өз мақаласында. Сол үшін де Елбасы «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалардың қолға алынуы, ол біздің халқымызды ХХІ ғасырдың талаптарына сай даярлаудың алғашқы қадамы екендігін үлкен бір жанашырлықпен айтып отыр.

Елбасының талғамға толы, тың көзқарасынан туындаған мақаласы әрқайсымыздың бойымызға рухани серпіліс туғызып, заманауи дамудың алғышартындай көрінеді. Мемлекет басшысының ойшылдық олжасындай көрінген бұл мақала қоғамға соны серпіліс әкелген байламы жоғары бағдарлама болды. Ең бастысы, бағдарлама ұлт санасын жаңарту, ұлт сапасын жақсартуға бағытталғаны анық.

Елбасымыздың рухымызды байытқан аталы сөзін, кемел ойлы келелі пікірін барша халық, қоғам болып қолдауымыз қажет. Осы бағдарламалық мақалада айтылған зерделі ойлардан өскелең ұрпақ терең тәлім, таусылмас тағылым алары даусыз.

Жамбыл ауданы. 

Мырзахан ӘБДІҚҰЛОВ,Ерназар ауылдық округінің әкімі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты пайымды көзқарасын тебірене оқып шықтым. Елбасы мақалада арғы-бергі дәуірлер тәжірибесі мен мемлекет құру үлгілерін саралап, жаны, жүрегі, ойлау кеңістігі әлемдік бәсекелестік жағдайында өмір сүруге бейім ұрпақ өсіріп, ұлт тәрбиелеу қажеттілігіне айрықша көңіл бөле отырып, елімізді рухани жаңғыртудың бірегей бағдарламасын ұсынды.Мен бұл бағдарламаны қуана құптадым. Баспасөз бетіне алғаш жарияланғанда бағдарламаны Елбасының жыл сайын халқына жолдайтын Жолдауына баладым. Жолдау – еліміздің бағыт-бағдары, жоспары. Демек, бұл бағдарлама да Жолдаулардан кем емес. Кем еместігі сол, бағдарламаның аты айтып тұрғандай, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Шындығында, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп жатса, онда біздің рухымыз асқақтамақ. Енді өмір салтымыздың озығын алып, тозығын тастайтын кез жеткен сияқты.Бұл жай мақала емес, бұл – бүгінгі заманның айнасы, болашақтың бағдары. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық мәселені алға тартып отыр. ХХІ ғасырда қалыптасар ұлттық санамыз біздің ұлт есебінде сақталып қалу мен Мәңгілік Ел болу ұлы мұраттарымыздың жүзеге асуының алғы да басты шарты болары анық. Әр ұлттың өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан асыл ойлары мен ізгі амалдарын және де жақсы кісілік бітім-болмысын, салты мен дәстүр, ғұрпын сақтау бүгінгі күні жалпы адамзаттық үлкен мәселеге айналып отыр. Адамзат өмірі мен тұрмысына ғылым мен техника жетістіктері және ақпараттар ағыны араласқалы кез келген ұлттың санасына ауыр салмақ түсе бастады. Ол салмақ ұлттың санасына идеологиялық және саяси жүк болып артылғанын да бағамдар едік.  «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деген Елбасының осы бір өте маңызды тұжырымы расында айдай ақиқат. Ендігі арада бізді сол ұлттық кодымызды сақтау мен соны дүниеге келген, алдағы уақытта да дүниеге келер ұрпағымыздың бойына қалай сіңіреміз деген мәселе ойландырса етті. Ал бұл орайда ойланатын мәселе бар деп санаймыз. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» – дейді Елбасы өз мақаласында. Сол үшін де Елбасы «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалардың қолға алынуы, ол біздің халқымызды ХХІ ғасырдың талаптарына сай даярлаудың алғашқы қадамы екендігін үлкен бір жанашырлықпен айтып отыр. Елбасының талғамға толы, тың көзқарасынан туындаған мақаласы әрқайсымыздың бойымызға рухани серпіліс туғызып, заманауи дамудың алғышартындай көрінеді. Мемлекет басшысының ойшылдық олжасындай көрінген бұл мақала қоғамға соны серпіліс әкелген байламы жоғары бағдарлама болды. Ең бастысы, бағдарлама ұлт санасын жаңарту, ұлт сапасын жақсартуға бағытталғаны анық.Елбасымыздың рухымызды байытқан аталы сөзін, кемел ойлы келелі пікірін барша халық, қоғам болып қолдауымыз қажет. Осы бағдарламалық мақалада айтылған зерделі ойлардан өскелең ұрпақ терең тәлім, таусылмас тағылым алары даусыз.
Жамбыл ауданы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support