- Advertisement -

«Қауіп жоқ» деп қамсыз отыруға болмайды

104

- Advertisement -

Алыс-жақын шет елдерде болып жатқан лаңкестік оқиғалар бізге де қамсыз отыруға болмайтынын ескерткендей. Ақтөбе, Алматы қалаларында былтыр орын алған қайғылы жағдайлар сақтық шараларды күшейте түсу қажет екенін көрсетті. Сондықтан қауіп жоқ деп қапы қалмауды ойлау керек. Облыстық балалар ауруханасында терроризмнің қаупі туралы өткен семинарда облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Марат Жұманқұлов осыны айтты.
Семинарда ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің терроризмге қарсы орталығы бөлімінің қызметкері Марат Баймаханов терроризм актісі орын алған жағдайда медициналық мекеме қызметкерлері жасауы тиіс бастапқы іс-әрекетін түсіндіріп, қауіптің сары, сары-қызыл, қызыл түстері жарияланған кезде жасалынатын іс-қимылдарды талдап айтып берді.
Облыс әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының дінтанушы маманы, бөлім басшысы Ерзат Жақыпов деструктивтік діни ағымдардың қаупін баяндады.
– Негізінен, әлемде үш дәстүрлі дін бар. Олар – ислам, христиан, будда. Ал діни ағымдар осы дәстүрлі діндерден бөлініп шыққан діни ілім немесе түрлі әлеуметтік топтардан құралған ұйымдар. Оларды деструктивті немесе тоталитарлы секта деп екіге бөліп қарауға болады. Деструктивті секта өзі бөлініп шыққан дәстүрлі діндерді мойындамайды. Олар мемлекеттің ішкі тұрақтылығына кері әсерін тигізетін топтар. Тоталитарлы сектаның басшылары көбіне заңға қайшы келетін қылмыстық әрекеттерге барып, қарапайым топ мүшелерінің саналарын түрлі монипулияциялық амалдармен улап, тоталитарлық жолмен бағындыруға тырысады. Жалпы, елімізде соңғы он жылда 21діни ұйымға тыйым салынған. Соның ішінде біздің өңірде кездесетіні «Таблиғи жамағат» секілді бірнеше ұйым бар. Қазіргі таңда сәләфтар да қоғамға қауіп төндіре бастады. Олар әдетте Отан қорғаудан, медициналық екпе егуден бас тартып жатады. Негізінен, экстремизм мен терроризмнің мақсаты – халық арасында үрей тудыру. Сананы улау, жарылыс жасау. Сондықтан, күдіктілерден қандайда бір оғаш қылық байқалса, міндетті түрде тиісті орындарға хабар берген жөн, – дейді ол.
Жиында өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салған көпшілік, қойған сұрақтарына тұшымды жауап алды.

Нұрым Сырғабаев,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support