- Advertisement -

Ақпараттық-түсіндіру тобы ауылдарда

130

- Advertisement -

Облыста діни мәселелерді ақпараттық-түсіндіру бойынша құрылған топ ауданда болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, кәсіптік және орта оқу орындарының студенттерімен, аудан тұрғындарымен кездескен сала мамандары жұртшылықпен ой бөлісті.
Ақпараттық топты бастап келген облыс әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Ерзат Жақыпов, облыстық оңалту орталығының инспекторы Бақтияр Алпысбаев және Тараз қалалық «Бегалы ата» мешітінің бас имамы Таңат Тілмәнбетов алдымен аудан орталығындағы жергілікті полицияның қызметкерлерімен кездесу өткізді. Одан кейін Шу локомотив депосында болып, бірнеше ауылды аралап, аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында жергілікті тұрғындармен жүздесті.
– Дәстүрлі дінімізге қарсылық танытып, жастарымыздың арасында дінге деген көзқарасты өзгертуге Ислам дінін өздерінің қалауларына қарай ыңғайлап, қоғамға қарсы әрекет етуге дейін барып отырған деструктивті ағымдар пайда болды. Осыған байланысты 2017-2020 жылдары аралығында экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында республика бойынша ақпараттық-түсіндіру топтары өз жұмыстарын бастап кетті, – дейді «Бегалы ата» мешітінің бас имамы Талғат Тілмәнбетов.
Діни ахуалды тұрақтандыру бойынша жұмыс істейтін топ Шу ауданында да құрылған. Оның құрамында мешіт имамдары, жергілікті полиция қызметкерлері, білім бөлімінің мамандары, мемлекеттік қызметкерлер, аудандағы дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторлары және этномәдени орталық төрағалары мен БАҚ өкілдері бар. Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында діни ахуал күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселе екені айтылып келеді. Осы бағытта жұмыс атқарып жатқан ақпараттық топтың ішкі тұрақтылықты сақтауға тигізіп отырған ықпалы көп екенін айта кету керек. Жиында аудан тұрғындары топ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

Шу ауданы.

Ерғали ҚАРТАЙҒАН,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support