- Advertisement -

FISU президенті елбасы Назарбаевқа алғыс хат жолдады

87

- Advertisement -

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Халықаралық студенттер спорты федерациясы президенті Олег Матыциннен алғыс хат келіп түсті.

Онда «28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушы елдер саны бойынша рекорд жаңартқан кешенді сын 70 елге репортаж таратып, көрермен жинау жағынан да үлкен жетістікке жетті. Бұл жалпы Қазақстанның дүние жүзіндегі беделін асқақтатты. Халықаралық сарапшылар мен мамандар Алматыда өткен Универсиада бұған дейінгі студенттер жарысынан шоқтығы биік болды деп баға берді. Үш мың спортшы, төрешілер мен бапкерлер, жалпы Алматы Универсиадасының қонақтары ыстық ықыласқа, ерекше ілтипатқа бөленгендерін жеткізді. Халықаралық студенттер спорты федерациясының және өз атымнан Сізге және Қазақ еліне осы жобаны жүзеге асырғандарыңыз үшін алғысымды айтқым келеді», – делінген алғыс хатта.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support