- Advertisement -

Наурыз мерекесі елімізге құт-береке әкелсін!

149

- Advertisement -

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың
Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті жамбылдықтар!
Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Көгілдір көктеммен бірге келетін әз-Наурыз – жаңару мен жаңғыру күні.
Халқымыз Ұлыстың ұлы күніне үлкен үміт артып, оны асыға күтеді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен. Елдің тыныштығын, ынтымағын тілеген.
Алыс кеткен ағайын қауышып, бір-біріне деген өкпе-назын ұмытқан. Ұлыстың ұлы күні жұртшылық игі дәстүрмен қайырымдылық көмек көрсетеді.
Әз-Наурызбен біте қайнасқан біздің ұлттық құндылықтарымыз еліміздің Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының бейбітшіл саясатымен үндесіп жатыр.
Осының арқасында елімізде бейбітшілік пен өзара түсіністік қалыптасып, бірлік пен татулықты ту еткен, ырысы мен ынтымағы жарасқан халқымыз берекелі өмір сүруде.
Облысымызды мекендейтін 80-нен астам этнос өкілдері де Ұлыстың ұлы күнін ақ дастархан жайып, ақ тілекпен атап өтеді.
Біздің наурыздан – наурызға дейін қол жеткізген табыстарымыз да аз емес. Жылдан-жылға облыс экономикасы өркендеп, Жамбыл жұртшылығының әл-ауқаты артып келеді. Осының барлығы көпұлтты халқымыздың бірлікпен ынтымақтаса атқарған қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Құрметті жамбылдықтар!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыстың ұлы күні барша облыс жұртшылығына жақсылық әкелсін!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support